ANTIKOR.NEWS: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУДА

Четверг, 23 Сентябрь 2021 11:17 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1517 раз

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев Департаменттің ағымдағы жылдың 8 айындағы жұмыс қорытындылары бойынша брифинг барысында мәлімдеді.

«Департамент «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.Өз қызметімізде ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етудеміз. Бұл тұрғыда азаматтармен тығыз байланыста жұмыс атқару маңызды болып табылады» - деді спикер.

Т.Серікбаев сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғалар үшін заңнамалық түрде біржолғы ақшалай сыйақылар белгіленгендігі туралы айтты.

Жалпы өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесуге ықпал еткен 11 тұлға көтермеленген. Олардың сыйақы мөлшері 2 млн.тенге шамасында соманы құрайды.

Сондай-ақ, ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде тәулік бойы 1424 CaII-орталығының жұмыс істейтіндігін атап өтті.

Лауазымды тұлғалар тарапынан ақша қаражатын бопсалау, жымқыру, өкілеттілігін асыра пайдалануға тап болған кез келген азамат осы номерге хабарласа алады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.