Версия для печати

Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы ( 30.07.2021 )

Суббота, 31 Июль 2021 06:09 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2166 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №67), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №13 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №13), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №68), «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі №33 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №33), «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №28 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №28), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдесіндегі №31 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №31), Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 27 шілдедегі хаттамасы, «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №293/2020 бұйрығына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес, COVID-19 сырқаттанушылығының және вирустық пневмония ауруының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

1. Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 02 тамыздан бастап 2021 жылдың 16 тамызды қоса ұзартылсын.

2. Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына:

2.1. адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын (туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);

2.2. 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектелсін;

2.3. қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте жүргенде) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ, ашық ауада орналасқан қоғамдық орындарда болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталсын.

3. Шымкент қаласының әкімі, мемлекеттік органдар, Шымкент қаласында меншік иесіне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындар, заңды тұлғалар және кәсіпкерлік субъектілер карантин кезеңінде келесі шараларды қамтамасыз етсін:

3.1. Шымкент қаласында әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметіне рұқсат беруді және шектеуді осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес іске асыруды;

3.2. сауда орындардарында, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар көп жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді;

3.3. Ұлттық құрама командаларына, клубтық командаларға спорттық жаттығуға, (30 адамнан аспайтын), қатынассыз термометриямен, спорттық базада тұру жағдайында өткізуге рұқсат етілсін. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда қалалық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;

3.4. банкет залдардың жұмысына, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілерінде және басқа да жерлерде еске алу, той, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, «құдалық», «беташар» және басқа да салтанатты, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;

3.5. саяжайлардың, скверлердің, жағалаулардың жұмысын қалыпты режимде жүргізуді;

3.6. Шымкент қаласындағы автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысын қалыпты режимде жүргізуді;

3.7. медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек

балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етуді.

Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етілсін;

3.8. денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынсын;

3.9. қоғамдық тамақтану орындарда кальян колдануға тыйым салынсын;                

3.10.ҚР БМСДҚ қосымшасына сәйкес, алгоритмдерге сай кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз өткізуге рұқсат етілсін (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

3.11.арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы типтегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметі қалыпты режимде ұйымдастыруды.

4. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдіктеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына, ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалына, денсаулық сақтау субъектілеріне, меншік иесіне қарамастан жеке кәсіпкерлік субъектілеріне:

4.1. адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмау мақсатында қарбалас сәтте желіде көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) саны көбейтілсін, қалған уақытта қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылсын;

4.2. адамдар көп жиналатын жерлерді, соның ішінде қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, аулалардағы балалар алаңдарын, басқа қоғамдық орындарын, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, карантин аяқталғанға дейін залалсыздандыру жұмыстары күн сайын жүргізілсін;

4.3. Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алаптарының, көп қабатты тұрғын үйлердің, ұйымдардың аумағында және қоқысқа арналған алаңшалары жоспарлы түрде үнемі тазартылсын. Күнделікті тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар шығарылсын және қоқысқа арналған контейнерлерді тазартып, дезинфекциялау мен жуу жүргізілсін;

4.4. инфекциялық стационарлардың аумағын күнделікті дезинфекциялау құралдарын қолданып залалсыздандыру іс - шараларын жүргізу қамтамасыз етілсін;

4.5. тұрақты түрде, Шымкент қаласы бойынша меншік иесіне қарамай барлық зертханалық зерделеу ауқымын жүйелендіріп, ПТР тестілеудің, ПТР-зерттеу бойынша есебін, бірыңғай бағдарламаға енгізіп интеграциялауымен қамтамасыз етсін;

4.6. медициналық ұйымдарда аймақтандыруды, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды және жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілсін.

5. Меншік иесіне қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына, жеке кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға карантин уақыты кезеңінде:

5.1. Халыққа қызмет көрсету үшін көзделмеген үй-жайларда жалғыз болған қызметкерлерді қоспағанда, бетпердені, қолғаптарды кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді пайдалану талаптары қатаң сақталсын. Халыққа қызмет көрсететін нысандарда қызметкерлер қосымша бір реттік қолғаптармен, оларды уақтылы ауыстыруы және температура өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілсін;

5.2. қызметін жүзеге асыратын барлық нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим қамтамасыз етілсін, (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, дезкілемшелерді төсеу, ғимараттың ішін залалсыздандыру құралдарын қолданумен күніне кемінде екі рет ылғалды жинау, желдету) жүргізілсін;

5.3. персоналдар мен келушілердің санитариялық-карантиндік талаптарды және шектеу шараларын сақтауы қамтамасыз етілсін, персоналдар мен келушілердің санитариялық-карантиндік талаптарды және шектеу шараларын сақтауына бақылау күшейтілсін;

5.4. атқаратын қызметі ҚР БМСДҚ бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізілсін;

5.5. барлық нысандарда, оның ішінде қоғамдық көлікте, таксиде санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу қамтамасыз етілсін;

5.6. қоғамдық көліктерде, таксилерде, өндірістік аймақтарда, азық-түлік және азық-түлік емес базарларда және басқа да қоғамдық орындарда санитариялық-дезинфекциялық өңдеуді қамтамасыз етсін;

5.7. «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілер жұмыс уақыты бойынша шектеулерге қатысты мәселелерді қоспағанда, қызметін «кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі №33 қаулысына сәйкес атқарады».

6. Шымкент қаласының аудан әкімдері, Шымкент қаласының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына:

6.1. өз жұмысын қайта бастаған нысандарда (базарлар, қоғамдық көлік, коммуналдық нысандар, шаштараздар, сұлулық салондар, моншалар, сауналар, спорт объектілері, сауда объектілері, қоғамдық тамақтану орындары, банктер, ХҚКО, «Казпошта» АҚ бөлімшелері, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен мекемелер және т.б.) коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бағытында санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілуі қамтамасыз етілсін;

6.2. қаланың мониторингтік мобильді топтарының және Бірыңғай үйлестіру орталығының жұмыстары күшейтілсін;

6.3. карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.

7. Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласы аудандарының әкімдіктері, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Шымкент қаласының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Шымкент қаласы полиция департаменті, Шымкент қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы, кәсіпкерлік субъектілері және жеке тұлғалар қамтамасыз етсін:

7.1. төмендегі ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (соңғы 3 ай ішінде COVID-19-мен ауырып жазылған және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда) қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберілуін шектеу:

- қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер);

- халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің;

- мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);

- халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);

- жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің;

- білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың;

- санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);

- қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтардың;

- барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);

- денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың;

- дәріхана ұйымдарының;

-тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК, МИБ және басқалары);

- экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың;

-демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);

- байланыс және телекоммуникация объектілерінің;

- өнеркәсіптік кәсіпорындардың және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың.

7.2. осы қаулының 7.1.тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет) міндетті ПТР-тестілеу.

7.3. «InfoKazakhstan.kz» сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік Актісі негізінде нысандардың қызметін қайта бастауды;

7.4. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін нысанның кіреберісінде санитариялық нормаларға сәйкестік Актісін көрнекті жерге орнатуды;

7.5.шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін «InfoKazakhstan.kz» сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді;

7.6. бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін «InfoKazakhstan. кz» сайтын пайдалануды;

7.7. шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге

асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін «InfoKazakhstan.kz» сайтына орналастыруды;

7.8. кәсіпкерлік субъектілер «InfoKazakhstan.kz» сайтындағы нысанның паспортына келушілердің үй-жайларды жоспарлы толтыруы туралы мәліметтерді енгізу (шектеу іс-шараларын, оның ішінде ҚР БМСДҚ қосымшаларында айқындалған карантинді енгізу кезеңіндегі нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);

7.9. нысандар белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес нысандарының қызметін қайта бастауға арналған Акті «InfoKazakhstan.kz» электрондық портал арқылы электронды түрде берілсін;

7.10. коронавирустық инфекциясын алдын алу мақсатында жұмысын қайта бастаған нысандарға, санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақтауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

8. Шымкент қаласының әкімі, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысына, Шымкент қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы, ұлттық компаниялардың, ұйымдардың, меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында осы қаулының 7.1. тармағында белгіленген салаларда қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың басшылары:

8.1. 2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде COVID-19-ға вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырсын;

8.2. профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының профлактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін;

9. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысына:

9.1. Шымкент қаласына вакцинаны жеткізудің жоспарланған көлемін ескере отырып КВИ-ға қарсы вакцинациялауды жалғастырсын:

- студенттерге;

-созылмалы аурулары бар адамдарға (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары);

- тіркелген жері бойынша 18 жастан асқан басқа адамдар.

10. ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалына:

10.1. Шымкент қаласының білім басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына және Шымкент қаласының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығына» түскен тұлғаларды ПТР тестілеуімен тексеру қамтамасыз етілсін.

11. Күші жойылды деп танылсын:

11.1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.07.2021 жылғы №20 қаулысы;

11.2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.07.2021 жылғы №21 қаулысы;

11.3. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.07.2021 жылғы №22 қаулысы;

11.4. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15.07.2021 жылғы №23 қаулысы;

11.5. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 24.07.2021 жылғы №24 қаулысы;

11.6. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 28.07.2021 жылғы №25 қаулысы.

12. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

13. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

14. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

15. Осы Қаулы 2021 жылғы 02 тамыздан бастап күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Тулебаев


 

Әлеуметтік - экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары

 

Объектілер/салалар

Жұмыс тәртібі

«Ashyq» жобасына қатысатын субъектілердің жұмыс тәртібі

 

Өнеркәсіп

Қалыпты режимде

-

 

Коммуналдық, теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметі

Қалыпты режимде

-

 

АЖБ бекеттері, АЖБ бекетіндегі дүкендер, автобөлшектер дүкендері

Қалыпты режимде

-

 

Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда)

Қалыпты режимде

-

 

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қалыпты режимде

-

 

Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т. б.)

Қалыпты режимде

-

 

Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, заң консультантары, адвокат, нотариус, бухгалтер, және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.)

Қалыпты режимде

-

 

Гүл дүкендері, фотосалондар

Қалыпты режимде

-

 

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

Қалыпты режимде

-

 

Музейлер, кітапханалар

Тыйым салу

-

 

Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары

Тыйым салу

-

 

Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша)

Тыйым салу

Толтырылуы 50%-ға дейін, уақытын сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар сағат 22:00 дейін шектеумен,

алдын ала жазылу бойынша, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер

Қалыпты режимде

-

 

Супермаркеттер, гипермаркеттер

Қалыпты режимде

-

 

Азық-түлік емес дүкендер

Тыйым салу (жеткізу қызметі қалыпты режімде)

Құрылыс заттар сататын дүкендер Уақытын сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін шектеумен,

сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер

Тыйым салу

Уақытын сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін шектеумен,

сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес),

Тыйым салу

Уақытын сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін шектеумен,

сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және тағы басқалар).

Тыйым салу

Қонақ үйлер, отельдер қалыпты режимде

 

Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология

Қалыпты режимде,

алдын ала жазылу бойынша

-

 

Қоғамдық көлік

Қалыпты режимде

(бетперделердің киілуі, қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, толымдылық отыратын орындар саны бойынша) сенбі және жексенбі күні қоғамдық көліктің қозғалуына тыйым салынады

-

 

ХҚКО

Тыйым салынады, тек онлайн режимде рұқсат

Уақытын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

Алдын-ала брондау міндетті.

 

Банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері

Уақытын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін шектеумен,

сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

Алдын-ала брондау міндетті

-

 

Мектепке дейінгі мекемелер

Қалыпты режимде, кезекші топтар 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтауды сақтаған кезде

-

 

Мемлекеттік органдар (ұйымдар), кеңселер, Ұлттық компаниялар және өзге де ұйымдар

Қызметкерлерге COVID -19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген Ұйымдар, офистерді қоспағанда,

80 - қашықтықтан,

20- күндізгі режимде, бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде                     COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі

-

 

Діни объектілер

Тыйым салу

-

 

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

Тыйым салу

Тек сору-сыртқа шығару желдеткіші мен ауаның рецеркуляциясы жұмыс істеген кезде, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай уақытын сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар сағат 22:00 дейін шектеумен жұмыс істеуге рұқсат, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Жазғы алаңдар

Тыйым салу

Уақытын сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын)

Тыйым салу

Уақытын сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын орындарды қоса алғанда, Стрит-фудтар (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек), жеткізумен және әкетуге жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану объектілерімен фудкорттар

Әкету мен жеткізу қалыпты режимде. Фудкорттар тек әкетумен және жеткізумен жұмыс жасайды

«Ashyq» жобасына қатысатын Фудкорттарға тек сору-сыртқа шығару желдеткіші мен ауаның рецеркуляциясы жұмыс істеген кезде,толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай уақытын сағат 07:00-нан 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Моншалар

Тыйым салу

Уақытын сағат 07:00 ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Сауналар

Тыйым салу

Уақытын сағат 07:00 ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

СПА-орталықтар, бассейндер

Тыйым салу

Уақытын сағат 07:00 ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы

Тыйым салу

Қалыпты режимде

 

Спорт кешендері, спорттық нысандар, спорттық- сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда

Тыйым салу

Уақытын сағат 07:00 ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

СОО, сауда үйлері, сауда желілері

Тыйым салу

Уақытын сағат 07:00 ден 20:00-ге дейін шектеумен, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Мәдениет объектілері (дайындық)

Тыйым салу

Уақытын сағат 07:00 ден 20:00-ге дейін шектеумен, 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдардың қатысуына рұқсат етіледі, сенбі және   жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

Тыйым салу

Уақытын сағат 07:00 ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, толтырылуы 30%-дан асырмай, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Облысаралық тұрақты және тұрақты емес (туристік) тасымалдар

Тыйым салу

Тыйым салу

 

Қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) тасымалдар

Тыйым салу

Тыйым салу

 

Бильярд

Тыйым салу

Уақытын сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін шектеумен, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, толтырылуы 30%-дан артық емес, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда

Тыйым салу

Уақыты сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, толтырылуы 30%-дан артық емес, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

 

Лотерея клубтар

Тыйым салу

Уақытын сағат 20:00-ге дейін шектеумен, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде жұмыс істеуге руқсат, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Букмекерлік конторлар

Тыйым салу

Тыйым салу

 

Боулинг

Тыйым салу

Уақытын сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, толтырылуы 30%-дан артық емес, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Цирктер

Тыйым салу

Уақытын сағат 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, толтырылуы 30%-дан артық емес, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Балалардың ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары, аттракциондар)

Тыйым салу

Алаңы 500 ш.м. ден 1000 ш.м-ге дейін бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 30 адамнан асырмай уақытын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

Алаңы 1000 ш.м-ден 3000 ш.м.-ге дейін бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 50 адамнан асырмай уақытын сағат 10:00 ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Ашық ауадағы аттракциондар

Тыйым салу

-

 

Балаларды сауықтыру ұйымдары (12 жасқа дейінгі балаларды ерікті түрде тіркей отырып)

Тыйым салу

Қалыпты режимде, толтырылуы 50%-дан артық емес

 

Жалпы білім беру мектептерінде мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңшаларды) ұйымдастыруға

Тыйым салу

-

 

Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу

Тыйым салу

Тыйым салу

 

Ас беру (еске алу)

Тыйым салу

-

 

Банкет залдары

Тыйым салу

Тыйым салу

 

Түнгі және ойын клубтары

Тыйым салу

-

 

Караоке

Тыйым салу

Толтырылуы 50%-дан асырмай, бірақ 30 адамнан асырмай уақытын сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уықытын сағат 22:00 дейін шектеумен.

 

Зоосаябақ

Тыйым салу

-

 

Аквасаяжайлар, жағажайлар

Тыйым салу

-

 

Жабық аквасаяжайлар, жағажайлар

Тыйым салу

-

 

Ойын-сауық, спорттық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар

Тыйым салу

-

 

Көрмелер

Тыйым салу

Толтырылуы 70%-дан асырмай, бір адамға 6 ш. м.кем емес алаңмен қамтамасыз етілген , бірақ бір уақытта 150 келушілерден аспайтын, уақытын сағат 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

 

Марафондар (ашық ауада)

Тыйым салу

Тыйым салу

 

Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін)

Тыйым салу

Қалыпты режимде

 

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар)

Тыйым салу

30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған, уақытын сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.