Үш буынды модель: полиция, прокуратура және сот

Понедельник, 26 Июль 2021 12:13 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2652 раз

WhatsApp Image 2021-07-26 at 18.03.05Осы мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағ­дайдағы Қазақстан: іс-қи­мыл кезеңі» атты Қазақстан хал­қы­на Жолдауында көтерді.

Заң үстемдігі орнықпаса жəне аза­маттардың қауіпсіздігіне ке­піл­дік берілмесе, əлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір мін­де­ті табысты жүзеге асырылмайды.

Халық үніне құлақ асатын мемлекет – бұл, шын мəнісінде, «Əділетті мемлекет» құру тұ­жы­рымдамасы.

Азаматтардың мəсе­лелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұ­­рыс жəне əділ шешім шығару қажет.

Халықтың мүддесіне қыз­мет ететін мемлекеттің жаңа стан­­дарттарын əзірлеу үшін көп жұ­мыс атқаруымыз керек.

Мемлекет басшысының айтуын­ша, құқық қорғау жəне сот жүйе­ле­ріне негізгі рөл жүктеледі.

Яғни Жолдаудың басты мәні модерниза­ция, соның ішінде құқық қо­р­ғау саласын жаңғырту деп айтуға бола­ды.

Бұл қадам еліміздің заң­нама, құқық салаларында жасалып жат­қан өзгерістердің логи­ка­лық жал­ға­сы саналады.

Бүгінде Қазақстан халықаралық қылмыстық әділеттілік индексі бойынша 58-орынға тұрақтап тұр.

Алайда құқық қорғау орган­да­рының жұмысында айыптау үрдісі әлі де басым.

Яғни сот ісін жүргізудің тиімді моделінсіз қыл­­мыс мәселесіне қатысты сапа­лы саясат ұстану мүмкін емес.

Сондықтан мемлекетімізге азаматтардың өмі­рін, құқығы мен бостандығын қор­ғауға бағытталған күрделі функ­­ционалдық өзгерістер қажет болды.

Тәуел­­сіздік жылдары елімізде осы сала­­ның жұмысын түрлендіруге қа­тысты халықаралық тәжірибеде қол­данылатын бірқатар жекелеген өзгерістер енгізілді.

Оған қарамастан, қылмыстық іс жүргізуімізде Кеңес өкіметінің құқық жүйесінен қалған дақ әлі де бар.

Мемлекет басшысы атап өткен­дей, құқық қорғау жүйесінің жұ­мы­сында бұрынғы дағды бойынша айыптауға бейімділік басымдау болып тұр.

Қоғамдық пікір де осы ойды ұштайды. Азаматтар көп жағдайда қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартылады. Тиісінше, құ­қықтары да бұзылады.

Сон­дық­тан қозғалған істің көбісі сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде азаматтарды ақтау негіз­дері бойынша тоқтатылып келген.

Мемлекет басшысы және Бас Прокурормен қойылған талаптарды орындау үшін,

Бірінші кезекте, бізге прокурордың өзін жаңарту қажет болды.

Ол үшін, прокуратура ардагерлері және сот қызметкерлерінің қатысуында семинар-тренингтер ұйымдастырдық, дискуссия жасадық, қала прокуратурасында сынақ тапсырдық.

Екінші кезекте, техникалық жабдықтау және прокурорларға дерекқорды үйрету қажет болды.

Бұл мақсатта, прокуратураның талдау бөлімшесінің қызметкерін оқытып, кейін ол өзге прокурорларға сабақ өтті.

Үшінші кезекте, полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қажет болды.

Ол үшін өзіміз барып тренингтер ұйымдастырсақ, органның әр шешімін дерекқорға енгізбес бұрық зерделеуден өткіздік, оған қоса арнайы шаблон түздік.

Бұл жұмыстардың нәтижесі ретінде, Әл-Фараби ауданының прокуратурасымен жаңа модельге сәйкес қылмыстық істер бойынша күдікті деп тану туралы 525 процестік шешімнің 19-ын ғана, тұлғаның әрекетін саралау туралы 454 процестік шешімнің 32-ін ғана  келісуден бас тарттық.

Ал, істі қайта саралау туралы 447 процестік шешімнің 23-ін, 1044 мерзімін үзу туралы шешімнің 109-ын, өндірістен тоқтату туралы 752 шешімнің 70-ін келісу/бекітуден бас тартылған.

Бұл мысал Мемлекет басшысының үш буынды модель концепциясының айқын көрінісі.

Ағымдағы жылы прокурормен келісілген/бекітілген шешімдер бойынша сотпен ақтау үкімдері немесе тергеу сотымен бұзылған шешімдер орын алмағанын атап өту қажет.

Ауданымызда қылмыстық процесті цифрландыру жұмысыда қарқынды жүзеге асырылуда.

Бұл жаңашылдық азаматтардың құқығын қорғау кезінде өте тиімді құрал.

2018 жылдан бастап Бас Прокуратура электрондық қылмыстық істі енгізуде.

Қазірдің өзінде ауданда тіркелген істердің 58,2%-ы цифрлық түрде тергеледі.

Демек электрондық жүйеде манипуляция жасау және бұрмалау мүмкін емес.

Осылайша үш буынды модельде жұмыс жасау құқық қорғау органдарының жұмысын түбегейлі өзгертетіп, басты мақсатқа, яғни азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына алып келетіні анық.

           

Әл-Фараби ауданының прокуроры
Қ.Хандиллаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.