Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту және инвестициялық салық кредиті туралы

Понедельник, 28 Июнь 2021 13:02 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1315 раз

ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 49 және 49-1 баптарына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы жалпы ережелері мен инвестициялық салық кредиті қарастырылған. Кодексте белгіленген төлену мерзімін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру не салықтық берешекті өтеу мерзімдерін ұзарту салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады. Осы тармақтың ережелері айыппұлдар сомасына қатысты қолданылмайды.

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту ұсынылған салықтық есептілікке сәйкес салық төлеуші есептеген, сондай-ақ салықтық тексеру нәтижелері бойынша, уәкілетті мемлекеттік органдардың деректері бойынша салық органы есепке жазған салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту нысанында жүзеге асырылады.

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімі салықтың және (немесе) төлемнің төленуге тиіс бүкіл сомасына не оның бір бөлігіне қатысты өзгертілуі мүмкін.

Төлем көзінен ұсталатын салықтар, акциздер, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін салықтар бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдері өзгертілуге жатпайды.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту осы баптың 9 және 10-тармақтарында айқындалған тәртіппен осы Кодекске сәйкес таңбалауға жататын импортталатын тауарлар бойынша акцизді қоспағанда, қосылған құн салығы мен акциз бойынша жүргізіледі.

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдері салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш берген күннің алдындағы үш жылдың ішінде салықтық міндеттемені орындау графигін салық төлеушінің бұзуына байланысты салық органы салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы бұрын шығарылған шешімнің қолданылуын тоқтатқан жағдайда өзгертілмейді.

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен және (немесе) банк кепілдігімен жүргізіледі.

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы салықтық өтінішті салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеудің болжамды графигін қоса бере отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе мерзімін ұзартуды беру жағдайын қоспағанда, Кодекстің 117-бабына сәйкес салық төлеушіні өсімпұлды уақтылы төлемегені үшін оларды төлеуден:

Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген берешекті қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде;

Кодекстің 51-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша босатпайды.

Осы тараудың ережелері өсімпұл төлеу бойынша кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды берген кезде де қолданылады.

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынылған, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларация импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгертуге негіз болып табылады.

Инвестициялық салық кредиті салық төлеушілерге белгілі бір мерзім ішінде кредит сомасын кейіннен кезең-кезеңімен төлей отырып, салық бойынша өз төлемдерін 100 пайызға азайту мүмкіндігі берілетін алдағы кезеңдер салықтарын төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді. Инвестициялық салық кредиті корпоративтік табыс салығы және (немесе) мүлік салығы бойынша үш жылға дейінгі мерзімге берілуі мүмкін. Салық төлемдерін азайту тәртібі инвестициялық салық кредиті туралы жасалған келісімде айқындалады. Егер салық төлеушінің залалы болса, залалды ауыстыру осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте, инвестициялық салық кредитінің мерзімі ұзартылмайды.

Еңбекші ауданы бойынша МКБ
Мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы А.Жумашова

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.