Шымкент ХҚО-ларында 5 айда 480 мыңнан астам қызмет көрсетілді

Среда, 23 Июнь 2021 08:36 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2158 раз

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалында 2021 жылдың бес айында қала тұрғындарына 480 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде 412 452 қызмет қағаз жүзінде, 50 мыңнан астам қызмет – әлеуметтік мәселе бойынша, ал 45 мыңға жуық қызмет жылжымайтын мүлік және жер кадастры саласы бойынша көрсетілген.

 

tcon

 

Филиал директоры Данабек Исабековтың айтуынша, өзіне өзі қызмет көрсетуге арналған "ConnectionPoint" секторларында жыл басынан бері 45 мыңнан астам консультация мен қызмет көрсетілді.

– Біздің басты міндетіміз – халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігін ұсыну, азаматтардың уақыты мен ақшасын үнемдеу. Біз халықтың қажет құжаттарын тез әрі ыңғайлы алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Әр бөлімде өзіне өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда азаматтар өз бетінше электрондық анықтамалар алып, балабақша кезегіне қоя алады, айыппұл мен мемлекеттік баж салығын төлей алады. Ол үшін ЭЦҚ-ның болуы жеткілікті, оны осы жерде орналасқан ХҚО-да ресімдеуге болады, – деді Данабек Исабеков.

Айта кетe керек, жыл басынан бері шымкенттіктер 70 мыңға жуық ЭЦҚ алды. Сондай-ақ, жыл басынан бері мамандандырылған ХҚО-ларда 148 мың авто қайта тіркелді, ал жүргізуші куәліктері 29 мың рет ресімделген.

Бұған қоса корпорация мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үй жағдайында отырып, мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы алуы үшін жұмыс істеуде. Ол үшін 1414 Бірыңғай байланыс орталығының нөміріне қоңырау шалып, өтінім қалдыру қажет.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.