Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы

Среда, 02 Июнь 2021 11:26 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2557 раз

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №67), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №68), «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы №3 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №3), «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 мамырдағы №22 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №22), «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №293/2020 бұйрығына сәйкес, COVID-19 сырқаттанушылығының және вирустық пневмония ауруының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

            1. Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 2 маусымынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын.

            2. Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына:

            2.1. адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын (туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);

            2.2. 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектелсін;

            2.3. қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте жүргенде) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ, ашық ауада орналасқан қоғамдық орындарда болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталсын.

            3. Шымкент қаласының әкімі, мемлекеттік органдар, Шымкент қаласында меншік иесіне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындар, заңды тұлғалар және кәсіпкерлік субъектілер карантин кезеңінде келесі шараларды қамтамасыз етсін:

            3.1. Шымкент қаласында әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметіне рұқсат беруді және шектеуді осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес іске асыруды;

            3.2. сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар көп жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді;

            3.3. Ұлттық құрама командаларына, клубтық командаларға спорттық жаттығуға, (30 адамнан аспайтын), қатынассыз термометриямен, спорттық базада тұру жағдайында өткізуге рұқсат етілсін. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда қалалық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;

            3.4. қоғамдық тамақтану объектілерінде және басқа да жерлерде еске алу, той, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, «құдалық», «беташар» және басқа да салтанатты, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;

            3.5. саяжайлардың, скверлердің, жағалаулардың жұмысын қалыпты режимде жүргізуді;

            3.6. Шымкент қаласындағы автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысын қалыпты режимде жүргізуді;

             3.7. медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек

балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуметті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етуді.

            Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етілсін;

            3.8. денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынсын;

3.9. қоғамдық тамақтану орындарда кальян колдануға тыйым салынсын;

            3.10.   2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында жұмысты ұйымдастыру:

            - контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;

            - жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;

            - білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді;

            3.11. ҚР БМСДҚ қосымшасына сәйкес, алгоритмдерге сай кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз өткізуге рұқсат етілсін (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

            3.12. арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы типтегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметі қалыпты режимде ұйымдастыруды;

            3.13.  екінші семестрде колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуды ұйымдастыруды;

            4. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына, ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалына, денсаулық сақтау субъектілеріне, меншік иесіне қарамастан жеке кәсіпкерлік субъектілеріне:

            4.1. адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмау мақсатында қарбалас сәтте желіде көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) саны көбейтілсін, қалған уақытта қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылсын;

            4.2. адамдар көп жиналатын жерлерді, соның ішінде қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, аулалардағы балалар алаңдарын, басқа қоғамдық орындарын, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, карантин аяқталғанға дейін залалсыздандыру жұмыстары күн сайын жүргізілсін;

            4.3. Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алаптарының, көп қабатты тұрғын үйлердің, ұйымдардың аумағында және қоқысқа арналған алаңшалары жоспарлы түрде үнемі тазартылсын. Күнделікті тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар шығарылсын және қоқысқа арналған контейнерлерді тазартып, дезинфекциялау мен жуу жүргізілсін;

            4.4. инфекциялық стационарлардың аумағын күнделікті дезинфекциялау құралдарын қолданып залалсыздандыру іс - шараларын жүргізу қамтамасыз етілсін;

            4.5. тұрақты түрде, Шымкент қаласы бойынша меншік иесіне қарамай барлық зертханалық зерделеу ауқымын жүйелендіріп, ПТР тестілеудің, ПТР-зерттеу бойынша есебін, бірыңғай бағдарламаға енгізіп интеграциялауымен қамтамасыз етсін;

            4.6. медициналық ұйымдарда аймақтандыруды, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды және жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілсін.

            5. Меншік иесіне қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына, жеке кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға карантин уақыты кезеңінде:

            5.1. Халыққа қызмет көрсету үшін көзделмеген үй-жайларда жалғыз болған қызметкерлерді қоспағанда, бетпердені, қолғаптарды кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді пайдалану талаптары қатаң сақталсын. Халыққа қызмет көрсететін нысандарда қызметкерлер қосымша бір реттік қолғаптармен, оларды уақтылы ауыстыруы және температура өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілсін;

            5.2. қызметін жүзеге асыратын барлық нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим қамтамасыз етілсін, (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, дезкілемшелерді төсеу, ғимараттың ішін залалсыздандыру құралдарын қолданумен күніне кемінде екі рет ылғалды жинау, желдету) жүргізілсін;

            5.3. персоналдар мен келушілердің санитариялық-карантиндік талаптарды және шектеу шараларын сақтауы қамтамасыз етілсін, персоналдар мен келушілердің санитариялық-карантиндік талаптарды және шектеу шараларын сақтауына бақылау күшейтілсін;

            5.4. атқаратын қызметі ҚР БМСДҚ бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізілсін;

            5.5. барлық нысандарда, оның ішінде қоғамдық көлікте, таксиде санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу қамтамасыз етілсін;

            5.6. қоғамдық көліктерде, таксилерде, өндірістік аймақтарда, азық-түлік және азық-түлік емес базарларда және басқа да қоғамдық орындарда санитариялық-дезинфекциялық өңдеуді қамтамасыз етсін;

            5.7. «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілер қызметін «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы»» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы   22 мамырдағы №22 қаулысына сәйкес атқарады».

            6. Шымкент қаласының аудан әкімдері, Шымкент қаласының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына:

           6.1.   өз жұмысын қайта бастаған нысандарда (базарлар, қоғамдық көлік, коммуналдық нысандар, шаштараздар, сұлулық салондар, моншалар, сауналар, спорт объектілері, сауда объектілері, қоғамдық тамақтану орындары, банктер, ХҚКО, «Казпошта» АҚ бөлімшелері, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен мекемелер және т.б.) коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бағытында санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілуі қамтамасыз етілсін;

            6.2. қаланың мониторингтік мобильді топтарының және Бірыңғай үйлестіру орталығының жұмыстары күшейтілсін;

            6.3. карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.

            7. Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Шымкент қаласының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Шымкент қаласы полиция департаменті, Шымкент қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы, кәсіпкерлік субъектілері және жеке тұлғалар қамтамасыз етсін:          

            7.1. «InfoKazakhstan.kz» сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік Актісі негізінде нысандардың қызметін қайта бастауды;

            7.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін нысанның кіреберісінде санитариялық нормаларға сәйкестік Актісін көрнекті жерге орнатуды;                                           7.3.                  шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін «InfoKazakhstan.kz» сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді;

            7.4. бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін «InfoKazakhstan. кz» сайтын пайдалануды;

            7.5. шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге

асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін «InfoKazakhstan.kz» сайтына орналастыруды;

            7.6. кәсіпкерлік субъектілер «InfoKazakhstan.kz» сайтындағы нысанның паспортына келушілердің үй-жайларды жоспарлы толтыруы туралы мәліметтерді енгізу (шектеу іс-шараларын, оның ішінде ҚР БМСДҚ қосымшаларында айқындалған карантинді енгізу кезеңіндегі нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);

            7.7. нысандар белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес нысандарының қызметін қайта бастауға арналған Акті «InfoKazakhstan.kz» электрондық портал арқылы электронды түрде берілсін;

            7.8. коронавирустық инфекциясын алдын алу мақсатында жұмысын қайта бастаған нысандарға, санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақтауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

            8. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысына:

            Шымкент қаласына вакцинаны жеткізудің жоспарланған көлемін ескере отырып КВИ-ға қарсы вакцинациялауды жалғастырсын:

            8.1. меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың барлық бейіндегі медицина қызметкерлеріне;

           8.2. меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ұйымдарының педагогтарына;

                        8.3. учаскелік полицейлерге;

                        8.4. ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар департаментінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің, қалалық прокуратураның аудандық бөлімшелерінің қызметкерлеріне;

                        8.5. студенттерге;

                        8.6. медициналық - әлеуметтік мекемелерінің персоналы мен контингенті, жабық балалар мекемелерінің персоналына;

                        8.7. мемлекеттік қызметкерлеріне, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық, консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасы Президент Іс басқармасының контингенті, ұлттық құрама командаларының мүшелеріне;

                        8.8. созылмалы аурулары бар адамдарға (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары);

                        8.9. тіркелген жері бойынша 18 жастан асқан басқа адамдар.

                        9. ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалына:

                        9.1. Шымкент қаласының білім басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына және Шымкент қаласының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығына» түскен тұлғаларды ПТР тестілеуімен тексеру қамтамасыз етілсін.

                        10. Күші жойылды деп танылсын:

                        10.1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15.05.2021 жылғы №15 қаулысы;

            10.2.  Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 25.05.2021 жылғы №16 қаулысы.

                        11. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

                        12. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

                        13. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

                        14. Осы қаулы 2021 жылғы 2 маусымнан бастап күшіне енеді.

Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері
А.Тулебаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.