ЖАҢА ЗАҢНАМАНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

Четверг, 27 Май 2021 13:01 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3658 раз

JLgvjP2P

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 01.09.2020ж. Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының 8-тарауында «Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында» атты тақырыпта «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша қылмыспен күрес саласын жаңғыртқан жөн. Бізге азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керек. Қазақстанда өкілеттіліктердің ара жігі нақты ажыратылған үш буынды модель құру керек деп санаймын – деген.

Көрсетілген осы тапсырмадан кейін 2020 жылдың 19 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, 31 желтоқсанда қолданысқа енгізілді.

Жаңа Заңға сәйкес қылмыстық процестің үш буынды моделі қалыптасты. Енді полиция қылмысты ашады, оған қатысты тұлғаларды анықтайды, дәлелдерді жинақтайды және бекітеді.

Прокурор жинақталған дәлелдемелерге тәуелсіз баға беріп, азаматтардың құқықтарының бұзылуына тосқауыл қояды, азаматтардың қылмыстық процестің орбитасына заңсыз тартылуына жол бермейді, сотта мемлекеттік айыпты қолдайды.

Ал сот органның әрекеттеріне түскен шағымдарды қарайды және түпкілікті шешім қабылдайды.

Аталған қылмыстық процестің үш буынды моделі – азаматтардың құқықтарының дер кезінде қорғалуын қамтамасыз етеді.

Осы орайда жаңа Заң аясында прокуратураның функционалдық міндеттері күшейтіліп, қылмыстық процестегі негізгі шешімдер прокурордың келісімімен және бекітуімен қабылдануда.

Енді қылмыстық қудалау органының күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қылмыстық құқық бұзушылықты саралау, тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы шешімдері тек прокурордың келісімімен ғана жасалады.

Бұған қоса прокурор айыптау актісін, бұйрықтық іс жүргізуді, теріс қылық хаттамасын және қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны бекітеді.

Жаңа заңның талаптары Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасымен мүлтіксіз орындалып келеді.

Ағымдағы жылдың төрт айында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен 1441 шешім қабылданып, оның 1388 аудан прокуратурасымен келісілсе, 61 келісуден немесе бекітуден бас тартылған.

2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Заң бойынша ешқандай техникалық, теориялық немесе практикалық мәселелер туындап жатқан жоқ.

Қазіргі уақытта аудан прокуратурасымен жаңа Заңның мүлтіксіз сақталуына бағытталған барлық іс-шаралар тиісті деңгейде атқарылуда.

 

Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.