Шымкентте жаңа тұрғылықты мекенжайға онлайн-тіркелу уақыты қысқарды

Вторник, 18 Май 2021 08:49 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3442 раз

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қалалық филиалының мамандары тұрғындарға жаңа мекенжайға тез әрі оңай тіркелу жолдары туралы айтты. Бұл қызметті енді онлайн форматта 20 минутта рәсімдеуге болады, тіркеу үшін мемлекеттік баж алынбайды.

 

tcoon

 


Филиалдың баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша, қызметті екі жолмен алуға болады.

Біріншісі, еgov.kz порталы арқылы. Ол үшін ЭЦҚ болу қажет немесе SMS құпиясөз арқылы. ол үшін азамат мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. Егер азамат жаңа мекенжайға тіркелгісі келсе, еgov.kz порталы арқылы өтініш береді. Меншік иесі өзінің электронды-цифрлық қолтаңбасымен өтініш берушінің өтінішін растайды. Өтінімді өңдеу және мақұлдау бірнеше минутты алады.

Екіншісі, ол үшін меншік иесімен өтініш беруші ХҚО-ға жүгінуі қажет және онлайн кезекті алдын ала брондау керек.

Жыл басынан бері қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 16 мың астам шымкенттік тұрақты тіркеуге тұрған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Жаңа құжат алуға 5 қадам Электронды қызметтер »