ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫНА СІЗДЕ ҚАТЫСА АЛАСЫЗ!

Среда, 31 Март 2021 00:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 8081 раз

Пандемия барлық мемлекеттер үшін сынақ кезеңіне айналды. Біз қазіргі қиындықты міндетті түрде еңсеретініміз анық. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында, Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайтындығын жеткізген болатын. Осы орайда цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы екендігін айтқым келеді.

Сонымен қатар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Қазіргі заманда азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару арқылы халықтың жанын толғандырған жағдайлардың оң шешімін табуға ат салысуымыз қажет. Бұл тұрғыда Шымкент қаласының Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында «OPEN SPACE» және «ADALDYQ ALANY» ашық форматтағы жобалық кеңсесі іске қосылды.

Кеңсенің ашылуы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясы аясында мемлекеттік мекемелердің транспаренттілік қағидасына сәйкес жұмыс жүргізуіне бірден-бір септігін тигізбек.

Сонымен қатар әділет органдарына қатысты өтініштер мен сауалдар әлеуметтік желілердегі онлайн түрде whatsApp, instagram, facebook арқылы да қабылдауға мүмкіншілік қарастырылды. Яғни пандемия кезінде Әділет департаменті «К-20 Қайта іске қосу» бойынша жұмыс атқаруда. Бұл дегеніміз халықпен кері байланыс орнату мақсатындағы жоба жұмыстың жаңа 7/24 тәртібіне көшуді меңзейді.

7/24 немесе WhatsApp-тың тиімділігіне келетін болсақ бұл ашықтық және қолжетімділік. Бұл ұғым халыққа бір емес, бірнеше қадам жақындау деп білемізі. Олай дейтініміз басшы алдымен ұжымның жұмыс тәртібін өзгерте отырып, тұрғындарға жақындауды көздейді.

Қазір Департаменттегі әр салаға жауаптылардың байланыс нөмірлерін тұрғындарға қолжетімді еттік. Оны департамент орналасқан ғимаратқа кірген әрбір адамның назары түсетін орыннан көруге болады. Әділдік іздеп келген тұрғындардың мәселесіне қанағаттанарлық жауап алып кеткенін қалаймыз және бізге келеушілер ешқандай қоңыраусыз да өз істерін бітіре алатынына сендіргім келеді. Осы орайда мессенджерлер тиісті сала мамандарымен байланысудың оңай тәсілі болса, Open space ашықтықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қазір адамдар уақытын тиімді пайдалануы үшін цифрлық технологияның көмегімен көптеген мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ, мекеме табалдырығын тоздырмай алуға жағдай жасаланып тиісті жұмыстар өз дәрежесінде атқарылуда. Әлеуметтік желілер арқылы біздің департамент қызметкерлерінің жұмысына берген халықтың лайықты бағасын саралауға көштік. Ашық алаңшаға тұрғындар ойын еркін білдіріп, шешімін таппаған мәселелері болса айта алады. Біз оны назарға алып, тиісінше жауапты жолдаймыз. Президент Жолдауында мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарын барынша ашықтыққа шақырып отыр. Біз осыны іс жүзінде жүзеге асырудамыз. Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда онлайн-форматта сауалнама іске қосылды. Оған кез келген пайдаланушы қатысып, Әділет департаментінің қызметіне баға бере алады және дәл сол жерден Департамент басшылығының жеке қабылдауына жазыла алады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың көріністері жайлы Әділет департаментінің сенім телефонына 33-79-29 нөмiрi арқылы хабарласуға болады. Осы және басқа да шараларды жүргізу арқылы Әділет департаментінің қызметінің ашықтық принципін, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асыру бағытын басымдық ретінде белгіледік.

Бұдан бөлек Шымкент қаласының Әділет департаментінің әлеуметтік желідегі https://t.me/shymkentadilet_bot ақпараттық каналы іске қосылды. Аталмыш жүйенің азаматтармен кері байланыс орнату бағытында алатын орны ерекше екендігі атап өту керек.

Қазіргі таңда телеграм-ботты пайдаланушылар қатары күн санап көбеюде. Онда азаматтар әділет органдарына қатысты қажетті саланы таңдау арқылы өзін толғандырған сауалға автоматты түрде жауап ала алады. Сонымен қатар мұнда тиісті ақпараттарды смартфон арқылы жүктеп алу мүмкіншілігі де қарастырылған.

Телеграм - ботты іске қосудағы негізгі мақсат- азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен қатар өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету және сапалы заң көмегін алуды қамтамасыз ету болып табылады.

Және ең бастысы, Департамент жанынан азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасайтын, адвокаттар, нотариустар, заң кеңесшілер мен медиаторлар, бұдан бөлек блогерлер мен тілшілер және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесінің қатысуымен қоғамдық комиссия отырыстары өз жұмысын бастап кетті.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында аталған комиссия бірнеше рет азаматтарды қабылдау өткізіп, алимент өндіру, сот актілерінің орындалуы және жылжымайтын мүлікті тіркеу сынды бірқатар әділет органдары құзіретіне жататын көптеген түйіткілді мәселелерді шешуде.

Шымкент қаласының Әділет департаментінің жанынан құрылған дауларды реттеу және даулылықты азайту жөніндегі Қоғамдық комиссия қабылдауына қатысуға өтінім білдіру «whatsApp» желісі арқылы жүргізілетіндігін хабарлаймын. Тел:   +701 512 5357

 

Шымкент қаласының
Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің
бас маманы Майра Маматаева

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Шағым қарауды жеделдетеді ХАБАРЛАНДЫРУ! »