Версия для печати

Шағым қарауды жеделдетеді

Четверг, 08 Апрель 2021 05:56 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 7842 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазіргі заманда бізге күн сайын өзгеріп отыратын жаңа тенденциялармен бетпе-бет келетіндіктен, әлемде елдің серпінді дамуының шарты ең алдымен, құқықтық мемлекет құру болып табылады. Себебі ол құқықтар мен бостандықтарды сақтаудың кепілі ғана емес, сонымен қатар елдің инвестициялық тартымдылығының негізгі өлшемі.

586

 

масында көптеген өзгерістер мен жаңашылдықтар орын алып отыратыны белгілі. Қазіргі уақытта елдің талқылауында жүрген ең өзекті мәселе - 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енетін Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі.
Жалпы Кодекс Әкімшілік рәсімдер мен әкімшік сот ісін жүргізу деген екі негізгі бөліктен тұрады.
Кодекспен сотқа дейінгі міндетті шағым жасау қарастырылған. Біріншіден, бұл институт сот шығындарын болдырмауға мүмкіндік береді, екіншіден, тексеру көлемін ұлғайта отырып, шағымды қарауды жеделдетіп жүргізуді көздейді. Үшіншіден, төменгі органдардың қызметіне ведомстволық бақылау күшейтіледі, бұл өз кезегінде әкімшілік актілерді қабылдаудың біркелкілігіне әкеледі, яғни әкімшілік орган бірдей жағдайларда әртүрлі актілерді қабылдай алмайды.
Бүгінгі таңда билік органдарымен даулар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қаралуда. Алайда, қолданыстағы тәртіп бір жағынан билік органы, екінші жағынан азаматтық сот процесі барысында іс жүзінде тең емес екенін ескермей келгенін көрсетіп отыр.
Қабылдаған заң аясында, белсенді рөл қағидатын басшылыққа ала отырып, сот дәлелдемелерді өз бетінше жинай отырып, даудың маңызды мән-жайларын анықтауға міндетті болады.
Демек, сот тараптары ұсынған дәлелдемелермен ғана шектелмей, істің барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттейді. Өз бастамасы бойынша ол қосымша мәліметтер мен дәлелдемелер жинауға құқылы. Ал, судья әкімшілік істің нақты және заңды тараптарына қатысты құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала пікірін айтуға құқылы.
Мұндай тәсіл тараптарға даудың қай тараптың пайдасына шешілетінін болжауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, мұндай тәжірибе өзара қолайлы, екі тарапқа да тиімді шешім іздеуге немесе толық татуласуға ықпал етеді. Атап өтетін тағы бір жаңашылдық, және азаматтық іс жүргізу кодексінен айырмашылығы, Кодекспен жариялы-құқықтық даулар бойынша да, оны бітімгершілікпен шешуге мүмкіндік береді.
Демек, талап-арыздар мемлекеттік органның кінәлілік презумпциясы қағидаты бойынша қаралатын болады және бұл - мемлекеттік орган өз шешімінің, іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің заңдылығы мен негізділігін өзі дәлелдеуі тиіс дегенді білдіреді.

А.Білтебай,
Еңбекші аудандық сотының судьясы

Последнее изменение Четверг, 08 Апрель 2021 05:59
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.