Шымкент ХҚКО-ларында 7 айда 112 мың паспорт пен жеке куәлік берілді
Четверг, 18 Август 2022 06:47"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы төлқұжат пен жеке куәлікті ыңғайлы әрі жылдам жолмен қалай өтініш беріп, ХҚКО арқылы рәсімдеу туралы айтып берді. Сондай-ақ, жеке куәлік пен төлқұжат үшін мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылған клиенттердің жеңілдетілген санаты бар екенін еске салды.
Жалпы, 2022 жылдың жеті айында шымкенттіктерге 112 565 жеке куәлік пен паспорт берілді. Паспорт пен жеке куәлікті алу қызметі әлі онлайн режимінде қолжетімді болмай тұр. Бұл құжаттарды рәсімдеу үшін міндетті түрде ХҚКО-ға жүгіну қажет. Десе де, қызмет эксаумақтылық қағидаты бойынша көрсетіледі – өзіңіздің тіркелген мекенжайыңызға қарамастан кез келген ХҚКО-ға бара аласыз.
ХҚКО-ларда жеке куәлік пен паспортты ресімдеу бойынша операцияны көші-қон қызметі көрсетеді. Егер төлқұжат алу үшін бірінші рет келіп тұрсаңыз, сізге тек жеке куәлік қажет болады. Егер сіздің төлқұжатыңыздың мерзімі аяқталса, оны мерзімі аяқталғанға дейін 1-2 ай бұрын ауыстыра аласыз. Төлқұжаттың мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа төлқұжат алу үшін өтініш білдірсеңіз, кешіктіргеніңіз үшін айыппұл қарастырылмайды. Төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 8 АЕК (2022 жылдың 1 қаңтарында белгіленген АЕК) немесе 24 504 теңге. Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Дегенмен, Шымкенттік тұрғындар қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге және үш күннен бір жұмыс күніне дейін қысқарта алады:
1 жеделділік санаты – 1 жұмыс күніне дейін - 4 983 теңге;
2 жеделділік санаты– 3 жұмыс күніне дейін-2 752 теңге.
Баланың төлқұжатын рәсімдеу кезінде оның туу туралы куәлігін ұсынып, баж салығын төлеу қажет. Қызметке өтініщ білдіру үшін баланың ата-анасының бірі келуі міндетті.
ҚР азаматтары, бұған қоса, 16 жасқа толғанда жеке куәлік алады. Осы жасқа жеткен кезде құжатты бір ай ішінде рәсімдеу керек, әйтпесе 7 АЕК немесе 21 441 теңге айыппұл төлеу керек болады. Сонымен қатар, егер мерзімі аяқталған жеке куәлік бір ай ішінде жаңартылмаса, дәл осы мөлшердегі айыппұл қарастырылған. Егер айыппұлды бір апта ішінде төлейтін болсаңыз, онда сома 50 пайызға төмендейді. Егер сізде паспорт бар болса, жеке куәлікті рәсімдеу үшін оны да өзіңізбен бірге алып келу керек. Бұл ретте жеке куәлік үшін мемлекеттік баж 0,2 АЕК немесе 613 теңге болады. Қызметті төлқұжатпен бірдей әдіс бойынша жеделдетуге болады. Сонымен қатар, жеке куәлік пен төлқұжат үшін мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылған клиенттердің жеңілдетілген санаты бар екенін ескертеміз. Олар:
• ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;
• Кеңес одағының батырлары және Социалистік еңбек ерлері;
• барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедек болған клиенттің ата-анасының бірі;
• қарттар мен мүгедектерге арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар;
• жетім балалар және балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
• «Батыр ана» атағы бар, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілері мен наградталған көп балалы аналар;
• Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.
Қаперіңізде жүрсін, айыппұл төлемеу үшін клиенттер өз құжаттарын уақтылы рәсімдегені жөн.
Күзгі залалсыздандыру басталды
Среда, 17 Август 2022 09:24Энзоотиялық ауруларға қарсы күзгі залалсыздандыру жұмыстары басталды. Уақ малдарды тоғыту, ірі қара малды бүрку және қора-жайларды кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары 15 тамыз бен 30 қыркүйек айлары аралығында (ауа райының қолайсыздығына қарай өзгеруі мүмкін) жүргізіледі.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы...
Среда, 17 Август 2022 05:02Ұстаз деген – ерекше тұлға, дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Ұстаз деген – аяулы адам, асыл жан,
Шәкірт көңілінде мәңгі күн боп жайнап, жанатын...
ҚҰРСАЙДА ИНТЕРНЕТ – 100 ПАЙЫЗ
Среда, 17 Август 2022 04:37Шымкентте өткен жылы интернет сапасы төмен 14 елді мекенге базалық станция орнатылса, биыл 12 елді мекенді қамту жоспарланған. Қазіргі таңда бірқатар елді мекенде базалық станцияларды орнату жұмыстары жүріп жатыр.
БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ
Среда, 17 Август 2022 04:36Үшінші мегаполисте Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дарынды жастар арасында «IQ ZHASTARY» интеллектуалды ойыны өтті.
«ОРТЕКЕ» – БАЛАЛАР КӨЗІМЕН
Среда, 17 Август 2022 04:31ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі ұлттық комитеттің бірлесуімен қазақтың ұлттық биі «Ортекені» балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау үшін оқушылар арасында «Ортеке – балалар көзімен» атты республикалық сурет салу байқауы өтеді.
Құрылыстың 83 пайызы орындалды
Среда, 17 Август 2022 04:28Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту – өзекті мәселенің бірі.