ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІНЕН КЕШІГІП ҚАЛМАҢЫЗ

Среда, 17 Август 2022 04:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 701 раз

«Водомер» ЖШС жеке және өнеркәсіптік суды есептеу құралдарын тексерумен және ауыстырумен айналысады. Кәсіпорынның осы жұмыстарды жүргізуге лицензиясы мен сертификаттары, сондай-ақ, сертификатталған жабдығы бар. Суды есептеу құралын тексеруді тағайындау туралы хабарламаны сумен жабдықтау ұйымының инспектор-бақылаушысы тапсырады. Одан кейін тұтынушы осындай жұмысты жүргізуге құқығы бар мамандандырылған, лицензияланған кәсіпорынға жүгінуі керек.

 

Өтінімді қабылдаған диспетчер-оператор шебердің келетін күнін хабарлауы тиіс. Маман суды есептеу құралын шешіп алады және оны иесіне тапсырады. Әрі қарай тұтынушы мамандандырылған кәсіпорынды таңдап, есептегіш құралды тексеруі үшін өзі жеткізуі керек. Егер «Водомер» ЖШС-іне жүгінсе, онда бұл процедураның уақыты шамамен бір сағатты алады. Тексерілгеннен кейін кәсіпорын шебері суды есептегіш құралды орнатады, су құбырына қосады және оны пломбалайды, сондай-ақ қажет құжаттарды береді.
– «Водомер» ЖШС-де калькуляция бойынша жеке есептеу құралын тексеру 4500 теңгені құрайды. Есептеу құралы тексерілген соң арнайы сертификат беріледі. Осыған ұқсас процедура қызмет көрсету саласына суды есептеу құралын тексеру қызметі кіретін кез келген басқа мекемелер де сақталады. Тексеру мерзімдері туралы деректер арнайы сертификатты ұсынғаннан кейін «Су ресурстары–Маркетинг» ЖШС-нің автоматты басқару жүйелерінің базасына енгізіледі. Назар аударыңыз, дилерлік учаскелердің бақылаушылары және лицензиясы жоқ басқа тұлғалардың тексеру жұмыстарын жүргізуге құқығы жоқ! Суды есептеу құралын тексеру мерзімділігі сол құралдың техникалық жеке құжатында көрсетілгенін еске саламыз, орташа алғанда ол 5 жылды құрайды, – деді «Водомер» ЖШС директоры Ғалымжан
Қаңлыбаев.
Егер сіздің суды есептегіш құралыңыз тексеруден өтпесе немесе оның пайдалану мерзімі өтіп кетсе, онда оны ауыстыру қажет. Қазіргі уақытта жеке секторда тұратын тұтынушылар үшін жаңа қызмет енгізілді – есептегіш құралымен бірге жаңа сапалы клапан орнатылды.
– Тәжірибе көрсетіп отырғандай, құрылғының ең осал жері – кранның суды есептегіш құралмен қосылыстарында. Көбінесе құбырлар жарылады, су кетіп жатады. Жеке сектордағы суды есептегіш құрылғы мен вентильді ауыстырудың жалпы құны 10 855 теңгені құрайды. Аспапты ауыстыру мерзімі туралы деректер "ВРМ" ЖШС автоматты басқару жүйелерінің базасына есептеу аспабын орнату актісін ұсынғаннан кейін енгізіледі. «Водомер» ЖШС бағалары бойынша биіктік секторының тұрғындары үшін суды есептегіш құралын ауыстыру 9500 теңгені құрайды, – деп түсіндірді кәсіпорын директоры.
Егер абонент сумен жабдықтау ұйымының суды есептегіш құрылғысын тексеру туралы талаптарын елемейтін болса, тұтынылған сумен жабдықтау қызметтеріне есептеу арнайы әдістеме бойынша жүргізілетін болады.
«Водомер» ЖШС-да өтінімдер жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс – 13:00-ден 14:00-ге дейін) қабылданады. Тел: 8 (7252)37-33-62, 37-54-57,
+7771-147-24-08, +7775-326-63-02, +7747-586-09-54.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.