Версия для печати

«Еңбек құқықтарын қорғау басты назарда»

Понедельник, 15 Август 2022 09:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1021 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Осы жылдың басынан бері Еңбекші аудандық прокуратурасымен  5 мыңңан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды.

 

Мәселең, еңбек қатынастарын реттейтін жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы ұжымдық шарттарда қызметкерлерге бала туылғанда, жаңа мекен-жайға көшуімен байланысты, ұлдарды әскер қатарына шығарып салғанда және жұмысшының жеке өзінің үйлену тойымен байланысты демалыстың мерзімі бес күннің орнына негізсіз үш күнге азайтылғаны анықталып, қызметкерлердің еңбек әлеуметтік демалысына құқықтары сақталмайтындығы анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ұжымдық шарттар заңға сәйкестендірілді.
Бұдан басқа, прокурорлық актімен пандемия кезінде медицина саласындағы жұмыскерлерге қосымша төленуге жататын 54 млн. теңге берешегі өтелді.
Сондай-ақ, аудандық мекемелерде дезинфекциялық құралдарды пайдаланатын өндірістік және қызметтік үй-жайлардың тазалаушыларына нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де төлемдері жүргізілмейтіні анықталып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына заңдылықты бұзушылықты жоюға тиісті шаралар қолдану туралы ұсыну енгізілді.
Нәтижесінде еңбек инспекциясымен заң бұзушылық орын алған мекемелердің басшыларына техникалық персонал ретінде жұмыс атқаратын тазалаушыларға қосымша ақыларын төлеу жөнінде Нұсқамалар беріліп, жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Еңбекші ауданының прокуратурасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.