Тәулік бойы жәрдем көрсетеді

Пятница, 12 Август 2022 06:02 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 725 раз

Науқастарға жедел жәрдем шақыртулары 103 телефон номері арқылы іске асырылады. Оған тұрғындар түрлі себептермен хабарласады. Жедел жәрдем 4 санатқа бөлінеді: 1-3 санаттары бойынша – фельдшерлік мамандандырылған дәрігерлік бригада және 4-ші санаты бойынша – емхана жанындағы жедел жәрдем бригадасы.

 

Қалалық №11 емханада 4-ші санатты 2 бригада тәулік бойы жұмыс атқарады. Жыл басынан бері барлығы 5221 науқас 4-ші санатты шақыртуға жүгінген, оның ішінде балалар – 949, ересектер – 4235.
Емхана Қазығұрт, Сәуле, Ақжар, Ақтас шағынаудандарына толықтай 4-ші санатты жедел жәрдем көмегін көрсетуде.
Жеделдігі жағынан 4-ші санатқа жататын шақыртуларға емханалар қызмет көрсетеді. Бұл түнгі уақытта дәрігер шақырғанда таңға дейін күту керек дегенді білдірмейді. Тіркелген науқастарға тәулік бойы жәрдем көрсетіледі. Ең бастысы, емхана үйге жақын аумақта болуы, жедел жәрдем тезірек келуі үшін қажетті барлық мәлімет толық берілуі тиіс.

Мейірбек Айтматов,
Шымкент қалалық №11 емханасы бас дәрігерінің уақытша міндетін атқарушы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.