Версия для печати

Жас ұландар аттестат алды Избранное

Пятница, 17 Июнь 2022 05:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2330 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің түлектеріне аттестат тапсырылды. Мерекелік іс-шараға жеке құрам, әскери қызметшілер мен қонақтар қатысты.

36

 

Жиын ұландардың саптық алаңда сапқа тұруынан және генерал-майор С.Рахымовтың бюстіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Аталмыш рәсімді Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің бастығы, полковник Г.Тулеушев ашты.
– Мектептің басты міндеті – жас ұрпақтың бойында Отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастырып, туған жеріне, мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына деген сүйіспеншілік, сезімін дамыту. Ұландардың бойынан өз болашағын әскери қызметпен байланыстыруға деген ұмтылысын көріп отырмыз. Бұл – біз үшін мақтаныш, – деді полковник Г.Тулеушев.
Салтанатты кеште ұландар мадақтама қағазымен, мектеп қызметкерлері «ҚР Қарулы Күштеріне – 30 жыл» медалімен
марапатталды.
Айта кетейік, биыл мектепті 168 түлек тәмамдады.

Айкен ОСПАНҚҰЛОВА,
«Жас ұлан» мектебінің қызметкері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.