Өзгеріске дайын екенімізді көрсетті Избранное

Пятница, 10 Июнь 2022 04:43 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2916 раз

Қазақстандықтар тарихи таңдау жасап, ел болашағы жолында маңызды шешім қабылдады. Референдумның нәтижесі халқымыздың өзгерістерге дайын екендігін және шешуші сәтте бірлесіп, ұйымшылдық көрсете алатынын дәлелдеді. Азаматтарымыз өздеріне артылған жауапкершілікті сезіне отырып, дауыс беруге белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігін танытты.

719

 

AMANAT партиясы Президенттің қоғамдық тірегі ретінде үгіт-насихат жұмысына бірінші күннен бастап белсенді түрде кірісті. Республикалық штаб құрылып, оған партия Төрағасы Ерлан Қошанов жетекшілік етті. Республика бойынша аймақтарда 217 штаб жұмыс істеп, 12 мыңнан аса үгіт-насихат шарасы өтті. Сондай-ақ Шымкент қаласынан да арнайы штаб құрылып, халыққа ақпарат берілді. Шалғай елді мекендердің, ауылдардың, қалалардың тұрғындарымен, жастармен, мұғалімдермен, кәсіпорын қызметкерлерімен өткен кездесулер еркін, ашық форматта жасалды. 7 республикалық және 61 адамнан тұратын қалалық штаб мүшелері 50 мың азаматты қамтитын 350-ден астам үгіт-насихат шарасын өткізіп, нәтижесінде қаламызда халықтың референдумға қатысуы 72,5 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш бір ай көлемінде атқарылған сапалы жұмыстың нәтижесі деп білемін.
Насихат жұмыстары барысында өңірімізге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Бекжанов, Берік Оспанов, Ғани Ташқараев, Фахриддин Қаратаев сондай-ақ партия жанындағы республикалық штаб мүшелері Берік Уәли, Максим Рожин, Айдос Жұқанұлы ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізді.
Кездесулерде ең бірінші халықтың көңіл-күйіне назар аударылып, мәселелері тыңдалды. Сәйкесінше қала тұрғындары тарапынан 1700-ден астам ұсыныстар мен талап-тілектер түсті. Алдағы уақытта осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарылатын болады.
Сонымен қатар, партия Саяси кеңесінің, фракция мүшелерінің, қоғамдық пікір көшбасшылары, бастауыш партия ұйымы, қоғамдық кеңес төрағаларының, блогерлер, журналистер, жасотандықтардың қатысумен «ақпараттық пул тобы» құрылып, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде референдумға келуге шақыруға арналған 5,2 мың материал жарияланды.
Референдумның маңыздылығы мен дауыс беруге шақыру мақсатында «Талқылау» диалогтық алаңы ұйымдастырылды. «Jas Otan» жастар қанатының бастамасымен қаламызда «Жастар – өзгеріске дауыс бер!» атты автокеруен ұйымдастырылды, арнайы бейнероликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды. Сайлау күні қаладағы барлық 311 сайлау учаскелерінде (жабық сайлау учаскесі - 18) AMANAT партиясының 933 өкілі бекітіліп, референдумның әділ өтуіне өз үлестерін қосты.
Референдум өткізу арқылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың оң өзгерістерге бағытталған реформалары заңмен бекітіліп, өз күшіне енді. Реформа отандық құқықтық, партиялық жүйені, мемлекеттік билік бөлінісінің принципін өзгертіп, еліміз дамудың жаңа белесіне өтеді. Жаңа Конституция – сөзсіз жаңа дәуірдің бастауы. Еліміз демократиялық, әділетті және өркениетті мемлекет ретінде одан әрі дами түседі деген сенімдемін.

Жанар БЕКТАЕВА,
AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының
Атқарушы хатшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.