Олардың ішінен 22 іс бойынша айыптау сотпен үкімі шығарылған. Ал ағымдағы жылы 36 қылмыстық іс тіркеліп отыр, олардың 16 бойынша айыптау үкімі шыққан, 16 іс өндірісте, 4 іс бойынша тергеп-тексеру мерзімі үзілген. Талдауға көрсеткендей 2022 жылы наркобизнесі бойынша қылмыстық істер 20% өскен. Жалпы сотталған немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалардың орташа жасы 19-25 жас аралықтарында. Аудан бойынша қазіргі таңда осы санатқа жататын қылмыстардың бетін алу мақсатында полиция қызметкерлерімен жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, олар аудандарды аралып, күдік келтірген тұлғаларды тоқтатып, сұрақ-жауап алу барысында есірткі немесе психотроптық заттарды алуы көптеп анықталуда. Мысалыға, қазіргі таңда көптеген азаматтар «Телеграмм» мессенджерінде жұмыс іздеу барысында өздеріне бейтаныс каналдардан оңай жолмен ақша табу туралы ұсыныстарды қабылдауда. Содан жұмыс беруші аталған азаматқа осы мессенджер арқылы бір жерден оралған заттарды (закладкаларды) алып, басқа жерге тасымалдап қалдыру туралы тапсырма беріп, оның «Телеграмына» закладкалардың қайда орналасқанын және қайда жеткізу қажет екендігі туралы фотоларымен геолокациясын жібереді. Өз кезегінде азаматтар ауыр емес жұмыс екендігіне көз жеткізіп, алайда ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАРСЫ қылмыс жасағандығын ұйғармастан келісімдерін беріп жатады. Нәтижесінде олар құқық қорғау органдарымен ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондай психотроптық заттардың арасында ең көп тарағаны халық арасындағы атауы «мефедрон» немесе синтетика.
Азаматтарымыздың арасында қазіргі таңға дейін осы зат үшін жауапкершілік қаралмаған деген жалған пікір қалыптасқан. Алайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 470 қаулысына сәйкес психотроптық заттар қатарына жатады. Сонда қандай да бір дәрежеде аталған заттарды қолданса, сақтаса, таратса, өзгені үгіттесе немесе жарнамаласа қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін ұмытпаған дұрыс.