Версия для печати

БАҚША ӨНІМДЕРІН БАЙҚАП ТҰТЫНЫҢЫЗ!

Среда, 01 Июнь 2022 10:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2154 раз
Оцените материал
(0 голосов)

       Жаз мезгілінде ерте пісетін көкөніс, жеміс-жидектер мен бақша өнімдерінен улану жағдайлары орын алып жатады. Сондықтан да, мұндай өнімдерден уланудың алдын алу – басты мәселе.

740

 

     Ауылшаруашылығы өнімдерінің пісуін жеделдету үшін құрамында нитраттары бар тыңайтқыштар қолданылады. Мол әрі сапалы өнім алуда тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Жаздық ауыл шаруашылық өнімдерін егу кезінде және олардың өсуінің алғашқы кезеңінде де топырақта өсімдікке сіңімді азот мөлшері жеткіліксіз болады, осы кезде тыңайтқыш, әсіресе, азот тыңайтқыштары кеңінен пайдаланылады.

           Дегенмен топырақта нитраттар шамадан артық мөлшерде болғанда, олар толығымен өңделмей, өсімдік өнімдерінде жиналып, адам және жануарлардың ағзасына түседі. Нәтижесінде асқазан-ішек жолында нитраттар нитриттерге айналады да, ағзаны улайды.    

         Сондықтан, базарларда, сауда үйлері мен сауда қатарларында сатылатын жеміс, көкөністердің токсикологиялық зертхана сараптамаларынан өткендігі жөнінде қорытындысы болуы қажет. Бұл зерттеу өнімдердің қауіпсіздігі мен тамақтан уланудың алдын алу мақсатында жасалады.

   Нитраттармен улану белгілері: жүрек қағысының жиілеуі, ентігу, естен тану, жұмысқа қабілеттің азаюы, ұйқышылдық, тез   шаршау, бас ауруы, іш ауру, жүрек айну, құсу, ерін, бет және тырнақтың көгеруі. Жоғарыда аталған улану белгілері байқалған жағдайда, тез арада медициналық көмекке жүгіну керек. Үй жағдайында ем алуға болмайды!

Үй жағдайында уланудан сақтану үшін көкөніс пен кез-келген жеміс-жидекті тоңазытқышта сақтаңыз, мұқият жуыңыз және қабығын аршып тұтыныңыз. Не болмаса біршама уақыт суға салып қоюға болады. Бұл өнімнің құрамындағы нитраттардың мөлшерін азайтады.

А.ДАУЛЕТОВА,

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.