САЙЛАУ ФОРМАТЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛЕДІ Избранное

Пятница, 29 Апрель 2022 04:58 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3869 раз

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берді.

116

 

Президент дауыс бергеннен кейін депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерімен әңгімелесті. Мемлекет басшысы алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті.
– Бірақ біздің Парламентте Қазақстан халқы Ассам-блеясының тиісті орындары сақталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Конституцияға өзгертулер енгізуді ұсынған болатын. Осы ретте ҚХА квотасы Мәжілістен Сенатқа ауыстырылып, депутаттар саны 9-дан 5-ке дейін қысқарады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы бүгін «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» тақырыбында өтеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « БЕЛЬГЕР КӨКЕМДІ ОЙЛАСАМ... Отан үшін от кешкен »