Байқау бағыттары:
1. «Үздік мақала», «Үздік журналистік зерттеу» бағыты. Оған республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, сондай-ақ журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер қатыса алады;
2. «Үздік қысқаша мотивациялық бейне» бағыты бойынша барлық оқушылар мен студенттер, сондай-ақ заңды тұлғалар (жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар, шығармашылық студиялар және т.б.) қатыса алады.
3. «Үздік сурет/плакат» бағытында да оқушылар мен студенттер, сондай-ақ заңды тұлғалар (жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар, шығармашылық студиялар және т.б.) қатысады.
Байқау жұмыстары 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолма-қол немесе электрондық пошта арқылы ұсынылады: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. , Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. . Өтінімнің скан-версиясын, жұмыстың қысқаша сипаттамасын және партия филиалдарына конкурстық жұмысты қоса беру қажет.
Байқау 2 кезеңнен тұрады: өңірлік және республикалық. Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздардың жұмыстары қорытынды кезеңге қатысу үшін орталық аппаратқа жіберіледі.
Байқау ережелерімен танысу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз (байқауға қатысу туралы өтінім үлгісі де бар):
https://drive.google.com/drive/folders/1DOlnSHqldGOaFrbvZU30ZRgILhiv0WlQ