Версия для печати

КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Четверг, 02 Декабрь 2021 05:46 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1468 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы 28 кәсіпкердің, 2 оқу орталығының кедергісіз жұмыс атқаруына және 419 баланың білім алуына жағдай жасап, олардың құқықтарын қорғады. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы хабарлады.

 

Жуырда «Шымкент қаласының Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінен қозғалыс қиылысы құрылысының» II-ші кезеңі басталған уақытында Рысқұлов көшесі бойында Қонаев көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін жолдың сол жақ бөлігінде автокөліктердің жүрісі тоқтатылған болатын. Осы кезде Рысқұлов көшесінің сол жағының кіру жолдары толығымен бекітіліп, кәсіпкерлік нысандардың еркін кәсіпкерлікпен айналысуы және екі оқу орталығына келуші балалардың білім алу құқықтары шектелді. Кәсіпкерлерге келтірілген осынау кедергілерді жою мақтасында прокуратура өкілдері әкімдікке хат жазып, аталған мекемелердің толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндік жасады. Ауданда дәл осыған ұқсас басқа да жағдайлар орын алуының алдын алынды. Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелерінің қиылысында көлік айрығын салу үшін түзілген жобалық-сметалық құжаттарында көрсетілгендей аталған құрылыс жұмыстары басталатын болса көше қиылысында орналасқан 10-нан аса кәсіпкердің құқықтары шектелмек. Бұл бойынша әкімдікке ұсыныс жолданып, бүгінде қаралып жатыр.
Жалпы жыл басынан бері аудан прокуратурасының мобильді тобының телефона 18 кәсіпкерлік субъектіден шағым түсіп, тексеру барысында 10 хабарлама өз дәлелін тауыпты.
Прокуратураның ықпалымен биыл 182 жұмыскердің 13,4 млн. теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы төленіп, 182 жұмыскердің және 40 кәсіпкер мен 419 кәмелетке толмаған балалардың құқықтары қорғалған.

Әл-Фараби ауданының прокуратурасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.