Шымкент: Мүгедектігі бар жандарға мыңнан астам қызмет көрсетілді

Пятница, 10 Сентябрь 2021 10:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1597 раз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызметтерді үйлерінде көрсетеді. Ол үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, сұраныс қалдыруға болғаны.

– 56 сағат ішінде ХҚО қызметкері өтініш берушімен хабарласып, клиентке ыңғайлы уақытта үйіне барады. Осы санаттағы  азаматтарға біз өз денсаулығын күтуге және ХҚО-ға келмей, мемлекеттік қызметті үйден алу мүмкіндігін пайдалануға кеңес береміз. Олар ең танымал және сұранысқа ие қызметтерге қол жеткізе алады. Атап айтқанда, жеке куәлікті, сондай-ақ, электронды цифрлық қолтаңба алу, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалы директорының орынбасары Айдос Ашетов.

 

ECP



Мемлекеттік корпорация қызметкерлері коронавирус індетін ескере отырып, қызмет көрсету барысында барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды. Барлық маман маска тағып, антисептиктермен жабдықталған.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мүгедектерге мемлекеттік қызмет көрсету жұмысына көп көңіл бөледі. ХҚО мамандары, белгілі бір санаттағы азаматтардың үйлеріне барып мемлекеттік қызмет көрсетумен қатар есту және сөйлеу қабілеті нашар адамдарға мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ым-ишара тілін меңгерген.


Жыл басынан бері Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлері тұрғындардың үйіне барып, 1 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Мемлекеттік қызметтерді үйде отырып І және ІІ топтағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар балалар ала алады.

Последнее изменение Пятница, 10 Сентябрь 2021 11:02
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.