ҰЛЫ АҚЫН ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Среда, 11 Август 2021 11:15 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1857 раз

abay-eskertkishi

Шымкентте қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбай - ұлының  ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл рәсім 10-тамыз кемеңгердің туған күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Салтанатты шараға қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Ақжол Қалшабек қатысты.

– Ұлы ақын қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ретінде өміршең құнды мұралар қалдырды. Қай шығармасын алсақ та, халқын білім-ғылым іздеуге, қоғамды өркендетуге шақырған әдеби еңбектері, адамзатты сүю мен ой тазалығы туралы пікірлері өзектілігін жоймайды. Сондықтан Абай мұрасы әлі де зерттелу керек, – деді Бахадыр Нарымбетов.

Жиналғандар Ұлы Абайдың әндерін жанды дауыста орындады.  

Ғұлама ойшылдың туған күніне арналған 12 іс-шара карантин талаптарын сақтай отырып, күні бойы жалғасты.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.