Ауыл әкімдерін сайлау ашық дауыс беру арқылы өтеді

Пятница, 09 Июль 2021 09:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1380 раз

sailauga-ashyk-dauys

Ауыл әкімдерін ашық дауыс беру арқылы сайлау бұл - демократиялық институттың тереңдеген үлгісі. Себебі осы сайлауда әркім өз таңдауын еркін жасай алады. Сонымен қатар, басшылықтан үмітті жеке тұлғаның бақ сынап көруіне мүмкіндігі бар. Сол үшін алдағы ауыл әкімдерін сайлауға әрбір азамат жауапкершілікпен қарауы керек. Шымкенттік саясаттанушылар осылай дейді.

Саясаттанушы Сәкен Мәжінбеков ауыл әкімдерін сайлау дауыс берушілерге мүмкіндікпен қатар жауапкершілік жүктейді деп есептейді. Өйткені, сайлауда дауыс беру арқылы азаматтар өз ауылының алдағы дамуына да таңдау жасайды. Сондықтан саяси науқанға «жүрдім-бардым қарауға болмайды» -дейді.

Сәкен Мәжінбеков, саясаттанушы:

–Әкім енді биліктіңкі емес, сіздіңкі ауылдыңкі. Айырмашылығы осында. Бұрын айтатынбыз ауданнан әкеліп қойды. Депутатардың сайлауынан өтті деп. Биліктің адамы деп. Енді ол халықтыңкі.

Айтып өтейік, жергілікті билік өкілін тікелей дауыс беру арқылы сайлау елімізде алғаш рет қолға алынып отыр. Қолда бар статистикаға сүйенсек жаңа әдіспен биыл 3 мыңнан астам әкім сайланады. Үміткерлер партиялық тізіммен болмаса сайлаушылардың бір пайыз дауысынжинау арқылы өзін-өзі ұсына алады.

Бауыржан Алтайұлы,  М. Әуезов атындағы ОҚУ философия және саясаттану кафедрасының оқытушысы:

–Енді жаңа өзгеріс болады деген ойдамын. Халықтың өзі сайлаған әкім халықтың қандай мәселесі болса да шешіп береді деген ойдамын.

Тікелей дауыс беру арқылы сайлаған әкімді сайлаудан кейін халық өз бағдарламасын орындамаған жағдайда алып тастау мүмкіндігіне де ие болады. Ол үшін дауыс берушілердің үштен екісі қарсылық білдіруі керек. Айтып өтейік Президент пәрменімен өткелі отырған сайлау шілденің  соңына жоспарланған.

Последнее изменение Пятница, 09 Июль 2021 09:40
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.