Версия для печати

БАСТЫ МАҚСАТ – ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

Четверг, 10 Июнь 2021 12:36 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3540 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің жанындағы қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қ.Анарбаев және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар Әл-Фараби ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлерімен жиын өткізді.

965

 

Кездесудің негізгі мақсаты - парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дәріптеу және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.
Қатысушыларға парасаттылық – ашық әрі адал қоғамды қалыптастыруға негіз болатын құнды қасиет екені жеткізіліп, атадан қалған асыл құндылықтарды дәріптеу арқылы әлеуметтік кеселдің алдын алу – бүгінгі күннің басты талабы екенін атап өтті.
Шарада жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар мен бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу барысы баяндалды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.