ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Вторник, 01 Июнь 2021 05:26 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3242 раз

Шымкентте «Елбасы медалі» жобасының 60 қатысушысы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды. Балалар Қасірет мемориалындағы «Ана мен бала» монументіне гүл шоқтарын қойып, зұлмат заман құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Жиналған қауымға қуғын-сүргін кезіндегі тарихи оқиғалар жайлы таныстыру дәрісі өткізілді.

887

- Шынымды айтсам, осы күнге дейін Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш бар екенін білмеппін. Шараға дейін осы кезең тарихын толығырақ зерттей бастадым және ол маған қатты әсер етті. Еліміздің жастары аштық пен жаппай қуғын-сүргін, қудалау және кінәсіз адамдарды күштеп депортациялаудың салдарын білетініне және ұмытпағанына тәнті болдым, - деді Шымкент қаласының тұрғыны Бейбарыс Жүсіпбеков.
Атаулы күнге байланысты еске алуға арналған іс-шаралар Елбасы академиясының ұйымдастыруымен еліміздің басқа да қалаларында өтті. Жалпы, 1,5 мыңнан астам қатысушы қамтылды. Еске алуға арналған жиын барысында санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталды.