ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ИППОДРОМНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Избранное

Пятница, 21 Май 2021 14:07 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3803 раз

WhatsApp Image 2021-05-21 at 19.30.28

Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Н.Бұқарбаев, Ш.Қозыбақов және Т.Балтабаев Бозарық тұрғын алабында салына  басталған атшабар құрылысымен танысты.

WhatsApp Image 2021-05-21 at 19.30.29 1

BI Group компаниясы өз қаражатына салдырып жатқан жаңа ипподром құрылысына 39 гектар жер телімі бөлінген.
Жаңа нысанда 16 мың шаршы метрлік көкпар алаңы, 7 200 шаршы метрлік конкур алаңы, ұзындығы 2 мың метрлік бәйге жолағы, қысқы, жазғы ат қоралар, ветенарлық блок, спортшыларға арналған дайындық алаңдары мен 1 500 орындық трибуна қарастырылған.

WhatsApp Image 2021-05-21 at 19.30.31

BI Group компаниясының Шымкент қаласындағы өкілі Айдын Жәкежановтың айтуынша, ипподром халықаралық стандарттарға сәйкес салынған. Нысанның құрылысын 2022 жылы наурыз айында аяқтап, мерекеге орай үлкен турнир өткізу жоспарланған. Сол жарыста компания өкілдері жаңа  атшабарды қалаға салтанатты жағдайда тапсырады деп күтілуде.

WhatsApp Image 2021-05-21 at 19.30.29

Қоғамдық кеңес төрағасы Н.Бұхарбаев жаңа ипподромның құрылысының сапасын бақылау мақсатында белсенді топ арасынан арнайы комиссия құруды ұсынды. Яғни, комиссия мүшелері атшабар құрылысына қатысты өз талаптары мен ұсыныстарын жеткізе алады. Бұл ұсынысты  жобаны жүзеге асыратын BI Group компаниясы қолдады.

Айта кетейік, Бәйдібек би даңғылы бойында орналасқан қазіргі ипподром жаңа орынға көшірілмек.