«Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі

Пятница, 30 Апрель 2021 09:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5159 раз

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Әлеуметтік желілерде экстремистік ұйымның идеяларын қолдайтын жеке тұлғалар Шымкент қаласында заңсыз митингке қатысуға шақырады.

F87B1FB8-7E12-4BD2-8F8F-91230E0D528C

Осыған байланысты, Шымкент қаласының прокуратурасы митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа Заңмен (бұдан әрі - Заң) реттелетінін еске салады.

Атап айтқанда, жиналыстар, митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі көзделген.


Оларды өткізу туралы хабарлама белгіленген күнге дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жергілікті атқарушы органға жазбаша нысанда беріледі.
Онда бейбіт жиналыстың мақсаты мен нысаны, ұйымдастырушылар мен қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың деректері көрсетіледі (Заңның 10-бабы).
Осы хабарламаны жергілікті атқарушы орган оны тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарауға тиіс (Заңның 11-бабы). Осы 3 күн өткеннен кейін жауап болмаған жағдайда ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізуге құқылы.
Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі.
Бұл үшін ұйымдастырушы олар өткізілетін күнге дейін 10 жұмыс күні бұрын өтініш беруге міндетті, ол бойынша жергілікті атқарушы орган 7 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті (Заңның 12, 13-баптары).

Ұйымдастырушы өтініште қатысушылардың жүру бағытын, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауды, медициналық көмекті ұйымдастыруды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу шараларын көрсетеді (Заңның 12-бабы).

Өтінішті қарау қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы орган ұйымдастырушыға демонстрация немесе шеру өткізуге келісілгені не оны өткізуден бас тартқаны туралы хабарлайды (Заңның 13-бабы).

Заң бойынша бейбіт жиналыстар қатаң түрде мамандандырылған жерлерде және қалалық және аудандық мәслихаттар белгілеген маршрут бойынша ұйымдастырылуы және өткізілуі керек.
Алайда ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органдарға бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы тиісті хабарламалар немесе өтініштер берген жоқ не олар бойынша келісуден бас тартты.

Сонымен қатар, қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе тыйым салынған ұйым бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы бола алмайды (Заңның 5-бабы 6-бөлігінің 4-тармағы).
Тиісінше, заңды бұза отырып жүргізілген бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оған қатысу (3-баптың 3-тармағы) құқыққа қайшы болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша 25 тәулікке дейін қамауға алуға дейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды, ол айыппұл не 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді.

Бұдан басқа, COVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясына байланысты Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі «Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу іс- шараларын күшейту және карантин режимін ұзарту туралы» қаулысымен белгіленген адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге әлі де тыйым салынатынын еске саламыз.
Оны сақтамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК - нің 425-бабы – Халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу – 30-дан 200 АЕК-ке дейін айыппұл) және қылмыстық (ҚК-нің 304-бабы-абайсызда жаппай ауруға, жұқтыруға, адамның өліміне әкеп соққан санитариялық қағидаларды бұзу-2 мың АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін) жауапкершілік көзделген.

Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеу жөнінде заңда көзделген шараларды қолданады.

Шымкент қаласының
прокуроры М. Қожабаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.