Ұранымыз – бірлік!

Пятница, 30 Апрель 2021 04:52 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5176 раз

Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан астам этнос өкілдеріне ортақ Отан. Барлығымыз киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп келеміз.

704

 

Сол себепті 1 мамыр «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Бұл күн – Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекенің бірі. Еліміздің барлық өңірінің халқы 1 мамыр күнін атап өтеді, мұндағы мақсат – ел ішіндегі түрлі этнос өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлігінен жаңылмаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея біздің ортақ үйіміз – Қазақстандағы шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.
Бүгінде әрбір этнос өкілінің өз салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің нәтижесі деп білеміз.
Ассамблея тізгіні күні кеше Мемлекет басшысына берілді. Мұны сенім мен сабақтастықтың салтанаты деп түсінемін.
Еліміз індетті жеңіп, Құдай бұрынғыдай жаймашуақ күнімізге жетуді нәсіп етсін! Дастарханымызға құт-береке берсін!

Темур Пак,
Шымкент қалалық ҚХА кәріс
этно-мәдени бірлестігі жастар қанатының төрағасы, №88 мектеп мұғалімі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.