Шымкент қаласында «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілеріне шектеу шараларын бекіту туралы

Суббота, 24 Апрель 2021 10:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2217 раз

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №67), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №68), «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы №3 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №3), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 16 ақпандағы №6 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №6), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №9), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 наурыздағы №10 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №10),

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №12), «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізу туралы»» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №14 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №14), «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №293/2020 бұйрығына сәйкес, COVID-19 сырқаттанушылығының өсуіне және вирустық пневмония ауруының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының әкімі, мемлекеттік органдар, меншік иесіне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындар, заңды тұлғалар және кәсіпкерлік субъектілер Шымкент қаласында карантин кезеңінде келесі шараларды қамтамасыз етсін:

1.1.Шымкент қаласында «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілерінің әлеуметтік-экономикалық объектілерінің қызметіне рұқсат беру және шектеуді осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес іске асыру;

1.2. атқаратын қызметі ҚР БМСДҚ бекітілген жұмыс алгоритмдеріне сәйкес жүргізілсін.

2. Шымкент қаласының аудан әкімдері, Шымкент қаласының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына:

2.1. «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілерінің әлеуметтік-экономикалық объектілерінің қызметіне мониторинг жүргізілуі қамтамасыз етілсін;

2.2. қаланың мониторингтік мобильді топтарының және Бірыңғай үйлестіру орталығының жұмыстары күшейтілсін;

2.3.карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын, басқа да талаптарды бұзу және орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.

3. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

4. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

6. Осы қаулы 2021 жылғы 26 сәуірден бастап күшіне енеді.    

 

Шымкент қаласының
Бас мемлекеттіксанитариялық дәрігері
А.Тулебаев


 

Коронавирустық инфекцияның тіркелуі бойынша Шымкент қаласы «қызыл аймақта» орналасқан жағдайда «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілерінің әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысын шектеу өлшемшарттары

 

Объектілер / салалар

Жұмыс режимі

  1. 2
  2. 2
  3. 2
  4. 3
  5. 3
  6. 3

Банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері

жұмыс уақыты сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін (келушілерге қызмет көрсететін), толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай бөлмелердің ішінде және 50 орыннан асырмай ашық алаңдарда, үстелдер арасындағы қашықтық 2 метр, орындықтар арасы 60 сантиметр қашықтықты сақтай отырып қызметі шектелсін

 

Сауналар

уақытын сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін шектеумен, жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын, сыйымдылығы 50% аспайтын және 1 келушіге 4 шаршы метр

 

СПА-орталықтар, бассейндер

қалыпты режимде ,

Бассейндер - бір адамға су бетінің 5 шаршы метр есебімен жеке форматта

 

Йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары

қалыпты режимде

 

Театрлар, филармониялар, концерт залдар

сыйымдылығы 20% аспайтын жағдайда, қалыпты режимде

 

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

тасымалдар рұқсат етілген аумақтардағы облыстарға, қалаларға және елді-мекендерге - 75% толтырумен, бірақ 15 адамнан асырылмай

 

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

тасымалдар рұқсат етілген аумақтардағы облыстарға, қалаларға және елді-мекендерге - 75% толтырумен, бірақ 15 адамнан асырылмай

 

Бильярд клубтары

толтырылуы 50%-дан артық емес, жұмыс режимі сағат 12:00-ден 24:00-ге дейін

 

PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар

толтырылуы 50%-дан артық емес, жұмыс режимі сағат 12:00-ден 24:00-ге дейін, 16 жасқа толған және одан үлкен жастағы адамдар ғана жіберіледі

 

Боулинг клубтар

толтырылуы 50%-дан артық емес, жұмыс режимі сағат 12:00-ден 24:00-ге дейін

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.