Кәсіпкер 500 отбасыға көмектесті

Пятница, 23 Апрель 2021 09:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2279 раз

500-kasipker

Қасиетті Рамазан айындағы қайырымды істер жалғасуда. Сондай іс-шараның бірі Nur Otan партиясының ұйытқы болуымен Еңбекші ауданы аумағында өтті. Онда 500-ден астам отбасыға азық-түлік таратылды. Қайырымдылық ісіне Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Бәйкен Әшірбаев демеушілік етті.

– Қазір қала аумағында қала әкімінің бастамасымен «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы жүріп жатыр. Осы қаланың тумасы ретінде өз үлесімізді қосып, көмек көрсетуді жөн көрдік. Қандай іс-шара болса да елдегі ауызбіршіліктің нәтижесінде ұйымдастырылатынын ұмытпаймыз. Бірге болсақ, барлық қиындықты жеңіп шығамыз, - деді Бәйкен Әшірбаев.

Партия өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың өтініші ескеріле отырып, кәсіпкер азаматтарға ұсыныс жасалып, отбасыларға көмек берілуде.

– «Бұған қоса «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен» партиялық жобалары жүзеге асырылуда», - деді Nur Otan партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жандос Қамбарбеков.

Осылайша Еңбекші және Қаратау ауданына қарасты Қаратөбе, Жұлдыз, Сайрам елдімекендерінің тұрғындарына бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер таратылып, отбасыларға үлестіріледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.