Версия для печати

Шымкентте комфорт санатындағы жаңа тұрғын үй кешені пайда болады Избранное

Понедельник, 12 Апрель 2021 11:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3187 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Tumar-Apartments

BI Group холдингі Шымкентте Tumar Apartments жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысын бастады. Комфорт санатындағы үй қаланың көрнекті ауданында: Сырым батыр және Қ.Төлеметов көшелерінің қиылысында орналасқан. Сапалы өмір сүру үшін 500 метр радиуста қажеттінің бәрі бар: балабақша, сауда орталығы, дүкендер, саябақтар мен алаңдар. Аумақтағы жасыл-желек, тіпті ең ыстық күнде де сая бола алады.

Tumar Apartments екі кезектен тұрады. Екінші кезектің құрылысын аяқтау 2022 жылдың соңына жоспарланған. 14 сәуірде 1-2 кезегінің сатылымы басталады.

Шымкентте Tumar Apartments-ке ұқсас тұрғын үй кешені жоқ. Ол француз балкондары, тұрғындардың демалуына арналған шай үйі, аумақтағы жүгіру жолы, бірінші және соңғы қабаттардағы ашық террассалармен ерекшеленеді. Бұның барлығы BI Group клиенттерінің жайлы өмір сүруіне жағдай жасайды.

Tumar-Apartments-2

"Көліксіз аула" тұжырымдамасы BI Group-тың барлық тұрғын үй кешендеріне тән. Сонымен қатар, Tumar Apartments-те жерасты паркингі бар.  Пәтерлерде - үш метрлік төбелер мен үлкен терезелер қарастырылған. Рекреациялық аймақтардың арқасында тұрғындар өздерін жайлы сезінеді. Аумақ көгалдандырылады, мұнда әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары орналасады.

Көлікпен кіруге болмайтын аулалар тұрғын үй кешенінің ішкі кеңістігіндегі газдануды азайтып қана қоймай, балалармен серуендеуді қауіпсіз етеді.
BI Group ұсынған тұрғын үйдің артықшылығы - сапасы мен қызықты тұжырымдамасы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.