Версия для печати

ОТПЕН ОЙНАМА! Избранное

Среда, 17 Февраль 2021 03:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4082 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. Біздің ата-бабаларымыз шөбі көп жерді отты жер деп бекер айтпаған. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған. Тұратын үйін – отау, үй иесін – отағасы деп атаған.

82

 

Отпен ойнауға болмайды. Өткен сенбіде Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры «Отпен ойнама»» атты жаңа премьерасын кішкентай көрермендер назарына ұсынды. Сіріңке мен қоянды пайдаланып, жан-жағын отқа орап, тіршілікті жою үшін арам пиғылын жүзеге асырмақшы болған жағымсыз кейіпкерлер – От патшасы және оның нөкерлері және қоршаған ортаны, орманды қауіптен сақтайтын – Су ханшайымы арасындағы қақтығысты тамашалаған балалар қойылымды жақсы қабылдады.
Кішкентай көрермендермен кері байланыс, сахналық безендірілу сәтті шыққан. Балдырғандардың сахнадағы әртістермен бірдей белсенді болғаны соншалық, От патшасы мен оның нөкерлерін жақтыртпай отырғанын көріп, оны шығармашылық топтың еңбегінің ақталғаны деп ұғындық. Ән де, би де, динамикалық қимыл да жеткілікті. Бір сөзбен айтқанда, қойылым балаларды жалықтырған жоқ.
Спектакль соңында далаға шығар есікте «Сіріңке – ойнайтын ойыншық емес!», «Өрт болмас үшін сіріңкеге жоламау керек!», «Ойыннан өрт шығады» деген балалардың дауысын естіп қалдық. Яғни, балалар аталған шығарма арқылы өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ұғынып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтанды, өз өмірі үшін жауапты екенін түсінді. Өрт сөндірушілердің қалай жұмыс жасайтынын көре отырып, осы мамандыққа деген құрметі күшейді.
Қойылым режиссері – Ержан Тажмаковтың тырнақалды туындысы болса да, сәтті шыққан дүние деп айтуға тұрарлық.
«ҚР ІІМ ТЖК Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті» басқармасы ұсынысымен сахналанған, адам өміріне өрттің зиянды, әрі қауіпті екенін білдіре отырып сіріңкені, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалануды балаларға оттың тілсіз жау екенін ұқтырып, өрттен сақтану жолдарын үйрететін тәлімдік қойылым жас ұрпақтың санасына тәрбиелік ой салады деп сенеміз.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.