2021 ЖЫЛЫ ЭКО-ҒА КВОТА САНЫ 7 ЕСЕГЕ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ Избранное

Среда, 27 Январь 2021 04:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2414 раз

Биыл елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылады. Осы бағдарлама шеңберінде Шымшаһарда ЭКО-ға квота санын 7 есеге дейін ұлғайту жоспарлануда.

583

 

2020 жылы қалада 64 квота бөлінген болатын. ЭКО-ға жіберу туралы шешімді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды.
ЭКО жасайтын медициналық ұйымды әйел азаматшаның өзі таңдайды. Басқарманың мәліметінше, бүгінде кезекте 400-ге жуық әйел бар. Оның басым бөлігі 2020 жылы өтініш берген. ЭКО процедурасына өтініш беру үшін тіркелген емханаға бару керек. Сол жерде тексеруден өткен соң, процедураға жіберіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.