Іскер әйелдерге – МАРАПАТ Избранное

Среда, 30 Декабрь 2020 04:38 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1975 раз

фото11111

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан үшінші мегаполистің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген әйелдер қауымымен кездесіп арнайы құрмет көрсетті.

– Жаңа жылдың келуімен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басамыз. Тоқсаныншы жылдардың бас кезі мен қазіргі кезеңді салыстыруға келмейді. Еліміздің бүгінгі дәрежеге жетуіне Сіздердің де қосқан үлестеріңіз зор. Мемлекет әрдайым Сіздерге қолдау көрсететініне сеніңіздер, -деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Іс-шара барысында қала әкімінің бірінші орынбасары «Береке-А» корпорациясы ЖШС бас директоры Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия төрағасының орынбасары Р. Оспаналиеваны, «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б. Жандосованы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Шымкент қаласы бойынша іскер әйелдер кеңесінің төрайымы А. Архабаеваны, «Шымкент қаласының іскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Э. Созақбаеваны, тағы бірнеше іскер ханымдарды ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Алғыс хатымен марапаттады.