ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ Избранное

Среда, 22 Июль 2020 05:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1836 раз

89

Шымкент қаласында 2020 жылғы 21 шілде күнгі мәлімет бойынша 4453 COVID-19 жағдайы тіркелген.

Өткен тәулікте 43 вирус жұқтырғандар тіркеліп, өсім 1 пайызды құрады. Жазылып шыққан науқастар саны - 2770. Яғни, 62 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде қала әкімі
Мұрат Әйтенов ҚР Премьер-
Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында баяндады.
Селекторлық режимде өткен жиында әкім қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында инфекциялық және провизорлық стационарларда қысқа мерзімде қосымша 3 050 төсек-орын ұйымдастырылып, орын саны 3 860-қа жеткізілгені, оның 650-і инфекциялық, 3 210-ы провизорлық төсек-орын бар екендігін айтты. Сонымен қатар, олардағы реанимациялық 30 төсек-орын саны 151 орынға дейін ұлғайтылғанын жеткізді.
Қала басшысы қаладағы ауруханаларға қосымша 58 ИВЛ аппараты мен 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 26 реанимациялық мониторлар алынғанын, реанимациялық орындар 134 ИВЛ аппаратымен және кислородпен қамтылғанын, орын саны 861-ге жеткенін мәлімдеді.
Мұрат Әйтенов тұмау мен өкпе қабыну белгілерімен жедел жәрдем шақырушылар саны 26,6 пайызға азайғанын, стационарларда ем алушылар саны 31,5 пайызға төмендегенін, стационарлардағы төсек орынның жүктемесі 90,3 пайыздан 47,5 пайызға дейін кемігенін хабарлады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.