Әлемдік оқиғалар Избранное

Пятница, 27 Декабрь 2019 03:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3594 раз

2020 жылы халықаралық іс-шараларды да бір шолып өтейік. Келер жылға жоспарланған дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі Біріккен Араб Әмірліктерінде өтеді. Дубай көрмесі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) 2013 жылы 27 қарашада Парижде Бас Ассамблеясында дауыс беру арқылы анықталған еді.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, ЭКСПО көрмесі Таяу Шығыста бірінші рет өткелі отыр және оны 25 млн адам тамашалайды деп күтілуде. Дубай шаһарындағы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесіне «Болашақ үшін сана-сезімді біріктіру» тақырыбы арқау болған. Оның ішінде «Мүмкіндік», «Мобильділік» және «Тұрақтылық» ұғымдарына баса мән берілмек.

Қазіргі уақытта «ЭКСПО-2020 Дубай» көрмесіне 190 ел қатысатындығын растады және 55 ел келісімге қол қойылған. Әлемдік саясат сахнасында да бірқатар маңызды оқиғалар өтпек. Яғни, 2020 жылы Тәжікстан, Беларусь, АҚШ-та президент сайлауы өтеді деп жоспарланған. 

Келер жыл спорттық оқиғаларға да толы. 10 қаңтарда Лозаннада (Швейцария) III жасөмпірімдердің Қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылады. Жылдың ортасына қарай футбол сүйер қауым Еуро-2020 доп додасын тамашалайды.

Ал жылдың басты спорттық оқиғасы – XXXII Жазғы Олимпиада ойындары 24 шілде - 9 тамыз аралығында Токиода (Жапония) дүбірлеп өтпек.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.