«Ізгі қалаға айналу – бір сертіміз»

Среда, 25 Декабрь 2019 04:05 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2647 раз

Әселхан Қалыбекова, Қазақстанның халық ақыны

6a056ee489fa6086ad1e8537fa0406b6

Қайырымды қала Шымкентке келіп, қайырлы істерін көріп, көңіліміз тоғайып жатыр. Әл-Фараби бабамыз жазған «Ізгі қала тұрғындары» деген трактатты біреу оқып, біреу оқымаған еді. Мінеки, Шымқала қайырлы қала болғалы бері көкірек көзі ашық адамдар іздеп жүріп оқитын болды. Бір ғана сөзбен емес, іспенен көрсетіп жатыр.

Мінекей, бұл ата бабаларымыздан, қанымыздан бар нәрсе о бастан. Түбімізде бар нәрсе, Атымтай жомарттан бар нәрсе. Ал енді осыны, қатыгезденіп бара жатқан қоғамды қайырлы істерге бет бұрғызып, қайырымға бет бұрғызып жатқан біздің қайырымды қала – Шымқаламыз өте үлкен тірлік істеп жатыр.

Мейман келсе, ашылар гүл көркіміз,
Бидай өңді бәріміз біркелкіміз.
Алланың разылығын сезінсеңіз,
Салауатты жандармен сыр шертіңіз.
Рухани бұлақтың көзін ашып,
Ізгі қалаға айналу – бір сертіміз.
Мейірбан жомарттықты сағынсаңыз,
«Жібек жолға» керуен тіркелтіңіз,
Бар аңыз өнегенің өрісіндей,
Қаламыз қайырымды Шымкентіміз,

– деген мақтаныш шумақтар туды. Әрдайым осы қайырымды қала болып, бүкіл әлемдегі қатыгездікті қайырымға бетбұрыс жасата берейік. Еліміз аман болсын, баянды болсын осы тірлік!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Шырша шаттығы Өзгеге әрбір ісі дайын үлгі »