АЭС – тұрақты энергия көзі

Пятница, 04 Октябрь 2024 06:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 210 раз

WhatsApp Image 2024-10-04 at 10.21.06

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап ғылыми кітапханасында елімізде қызу талқыға түсіп жатқан АЭС салу мәселесі талқыланды. Жиынға Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері, ақын – жазушылар, басқармаға қарасты мекемелер қызметкерлері қытысты. Баяндамашылар атом энергетикасының пайдалы тұстары мен экономика мен экологияға тигізер әсерін, дамыған елдердің атом энергетикасы тәжірибесін сөз етті.

– Электр энергиясы мемлекет дамуының негізгі қозғаушы күші екендігін ескерсек, елімізде АЭС салу ел тәуелсіздігінің тағы бір көрсеткіші болары сөзсіз. Дамыған елдер атом электр станциясын салдырып, соның арқасында алға жылжып, ел экономикасына зор ықпал етіп отыр. АЭС салу мәселесін еліміздегі ғалымдар жан-жақты зерттеп, осындай тоқтамға келгені белгілі. Болашақта АЭС еліміздің дамуына да зор серпін әкеледі деп сенемін, – деді Шымкент қаласының қуғын сүргін музейінің аға ғылыми қызметкері Ботагөз Нұрқұлова.

А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының директоры Н.Романова, жас ақын С.Сейітов те сөз алып, барлық қатысушыларды алдағы өтетін референдумға бірауыздан атсалысуға шақырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.