ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ Избранное

Среда, 14 Август 2024 05:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1024 раз

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының мамандары №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында концерт қойды. Қариялар өздері үшін дайындалған тосынсыйға қуанып, өнерпаздарға өз ризашылықтарын жеткізді.

KarT

 

Халықаралық жастар күніне орай бекітілген онкүндікте қарттар үйі де ұмыт қалмаған. Қайырымдылық концертіне жоғары деңгейде дайындалған Жастар орталығы елге танымал өнер жұлдыздарында шақырған.
Концерттік іс-шарада «Million» командасы өнер көрсетті. Ал, қаламызға белігі әншілер Бағлан Жолдасов пен Астана Қарғабай және Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының актрисасы Мөлдір Мұратбекова жанды дауыста ән шырқап, қарияларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жастардың талантты өнерлеріне және кеш ұйымдастырушыларына риза болған қарттар өздерінің ақ батасын берді.
– Бұл мекемеге өнерпаздар көп келеді. Келушілердің барынша жақсы көңіл сыйлағысы келіп тұратындары жүздерінен көрініп тұрады. Біз үшін осы көріністің өзі бақыт. Тек ән мен бимен шектеліп жатқан жоқ. Қолдарынан келгенше, түрлі жемістерін, көкөністерін алып келеді. Бүгінгі жиында барлық достарымызбен би биледік. Жастардың таза көңілі, бізге күш-қуат береді,-дейді зейнеткер Омар Төреханұлы.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.