Шара барысында қалалық емханалардың бейінді дәрігер мамандары сауда орталықтарында сатушылар мен қала тұрғындарын қабылдап, медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетуде. Акция алғашқы күні «Студенттік емхана» дәрігерлерінің Орталық әмбебап дүкен сауда орталығында қабылдауымен басталды. Хирург, акушер-гинеколог, гастроэнтеролог сынды бейінді мамандар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, алдағы уақытта ем-шара қабылдауларына қатысты бағыт-бағдар көрсетті.
«Денсаулық бұрышы» акциясы алдағы уақытта қаладағы бірқатар сауда орталықтарында жалғасатын болады.
Жалпы, МӘМС жүйесі төменде көрсетілген медициналық қызметтерді қамтиды:
– профилактикалық медициналық тексерулер;
– учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
– созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;
– уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
– халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
– диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
– мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;
– медициналық оңалту;
– стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Шара барысында қордың жергілікті филиалының мамандары МӘМС жүйесі туралы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.