ӘЛІ ДЕ ГРАНТ ЖЕҢІП АЛУҒА МҮМКІНДІК БАР Избранное

Среда, 07 Август 2024 05:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 518 раз

Биылғы мемлекеттік білім беру гранттарының иелері анықталды. Конкурсқа қатысу үшін 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Сәйкесінше биыл мемлекеттік білім беру гранттарының да саны еселене түскен еді. Яғни, 2024 жылы білім беру гранттарының былтырғы жылмен салыстырғанда 24 мыңға көп.

UBT

 

ГРАНТҚА ТҮСЕ АЛМАҒАНДАР НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК?

Биылғы жылдың конкурсқа қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 11 мыңға көп, сондықтан бәсекелестік те өте жоғары болды. Білім және Жоғары ғылым министрі Саясат Нұрбек өз жазбасында грант алу мүмкіндігінің әлі де бар екендігін айтты.
– 3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі. Жергілікті атқарушы органдардың яғни әкімдік гранттары бар. Сондай-ақ, KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз. Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты. Тағы жұмыс берушілердің арнайы тағайындаған гранттары бар. Сонымен қатар, Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады. Бірнеше жылдан бері талапкерлерге арналған Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі. Жоғары оқу орындары ректорлардың гранты, мысалы, Тұран-Астана университеті «Алтын белгі» иегерлеріне гранттар бөлуде. Оқу барысында сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар. Грант ала алмаған түлектерді осы жоғарыдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамыз,-делінген.

«ТӘШЕНОВ ТАРТУЫ»: ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТАҒЫ 150 БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ

Ж.Тәшенев университетінің қабылдау комиссиясы шешімімен жоғары балл жинаған талапкерлерге «Тәшенов тартуы» білім гранты тағайындалады. Бұл ҰБТ -де жоғары балл жинап, конкурста грант ала алмаған талапкерлерге қарастырылған. Айта кетерлігі, грант беру туралы шешім арнайы құрылған конкурстық комиссияның шешімімен анықталады. Сондай-ақ егер конкурста бөлінген орындарға үміткерлердің ҰБТ балы тең болса, оның аттестаттағы үлгерімінің ортақ балы ескеріледі.

Түйіні. Барлық университеттерде құжат қабылдау уақыты 25 тамыз күні аяқталады. Білімді болу кез келгеннің қолынан келеді. Бірақ, жақсы маман болу көпке бұйыра бермейтін бақ. Бастысы қала мен университеттердің атағында емес, студенттің ізденісінде екенін естен шығармаған жөн.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.