Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының заңгері Бақытжан Айтқасымовтың айтуынша, тұрғындардан басқармаға арыз-шағым түскен. Басқарма қызметкерлері зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сотқа талап-арыз жолдаған. Соттың қаулысымен нысан заңсыз деп танылды.
Нақтырақ айтқанда, жер телімі құрылыс соғу үшін берілмеген. Сол себептен соттың қаулысымен жеке кәсіпкер кінәлі деп танылып, нысанды бұзуға шешім қабылданып отыр. Жеке кәсіпкер нысанды бұзып, заң талаптарына сәйкестендіру қажет.
Сондай-ақ, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының өкілдері тарапынан тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.