Мүгедектігі бар адамдарға қамқорлық көрсету – басты назарда

Среда, 03 Июль 2024 04:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 499 раз

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы халықаралық Конвенция қабылданып, мүгедектігі бар адамдардың мәселелерін шешуде халықаралық стандарттарға қол жеткізу үшін Шымкент қаласында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі күнге өзекті мәселе – мүгедектердің негізгі тыныс-тіршілігі салаларындағы нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі таңда Үкімет тарапынан 2019-2025 жылға арналған мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бағытына арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, осы жоспардың негізгі мақсаттарының бірі болып – қолжетімділіктің ұлттық сектораралық стандарттарын белгілеу арқылы арнайы қажеттіліктері бар адамдар үшін тұрғылықты жерінен бастап қызмет көрсету орнына дейін инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету қарастырылған.
Осы орайда мүгедектігі бар адамдарға өздерін қоғамға қажетті екенін сездіріп және қоғаммен етене араласуға қол жеткізуіне біздің тарапымыздан қолдау көрсету қажет.
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің (әрі қарай департамент) негізгі міндеттерінің бірі – 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ қолданысқа берілген «Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексі» (әрі қарай – Кодекс) заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне еркін кіріп-шығуын қамтамасыз ету бойынша тексеру және бақылауды жүргізу болып табылады.
Ғимараттарды мүгедектігі бар адамдардың еркін кіріп-шығуына бейімдеу жұмыстары «Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау» ҚР ЕЖ 3.06-101-2012 құрылыс нормасына сәйкес жүргізіледі.
Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен (әрі қарай – Бөлім) жүгінімдер мен шағымдар негізінде 2024 жылдың 20 маусымына дейінгі қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңдарының сақталуына, оның ішінде мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, білім мекемелері, мемлекеттік мекемелері және т.б. салада әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым объектілеріне мүгедектерді қолжетімділікпен қамтамасыз етілуіне 55 тексеру жүргізілді, оның ішінде:
– профилактикалық бақылау – 22 (3 – арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 2 – жартылай стационар, 7 – денсаулық, 10 – мемлекеттік мекемелер )
– жоспардан тыс – 30 (1– жұмыспен қамту басқармасы, 7 – мемлекеттік мекеме, денсаулық сақтау-13, 4 – әкімдік, 4 – жеке кәсіпкер, 1 –ЖШС).
– нұсқаманың орындалуы бойынша – 3 (1 – арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 2-білім мекемесі).
Бұдан бөлек қалалық және аудандық прокуратураларының қаулылары негізінде білім мекемелеріне қатысты 106 тексеру жүргізіліп, барлығы 161 тексеру жұмыстары аяқталды.
Бөлімнің тексерулер нәтижесінде 13 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалып, жалпы сомасы 4 079 660 теңгеге айыппұл салынды.
Жалпы, тексеру шараларының нәтижелері бойынша мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы анықталған бұзушылықтарды жою туралы 39 ұйғарым шығарылды.
Сондай-ақ, профилактикалық бақылау жұмыстарының нәтижесінде берілген ұйғарымдардың орындалмағаны немесе тиісінше Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462-бабының 3-тармағында «Осы Кодекстің 162 және 227-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау – рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз не қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді» деп көрсетілген бөлігіне сәйкес, Шымкент қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданады.
Бүгінгі таңда жыл басынан бөлім мамандарымен 161 мекемеге мүгедектігі бар азаматтарға кедергісіз орта жасау бойынша Ережелер жинағының талаптары түсіндіріліп және қаладағы мемлекеттік органдарға Ережелер жинағы мен Әдістемелік ұсыным (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жолданды.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді ортаны қалыптастырмау, Кодекс талаптарын бұзу болып табылады және ол бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 83-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу» бойынша әкімшілік жаза қолданылу қарастырылған;
- лауазымды адамдарға – 50 АЕК (184 600 теңге),
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 120 АЕК (443 040 теңге),
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК (738 000 теңге),
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 400 АЕК (1 476 000 теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік):
- лауазымды адамдарға – 80 АЕК (295 360 теңге),
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 150 АЕК (553 800 теңге),
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 250 АЕК (923 000 теңге),
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 600 АЕК (2 215 200 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Аталған мәселелердің өзектілігін ескере отырып, Біздің тарапымыздан мүгедектігі бар адамдарды қолдау және оларға кедергісіз орта жасау мақсатында бірлесе жұмыс жасауға шақырамын.

Фариза СМАЙЛОВА,  

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша
департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің
басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.