МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ

Понедельник, 01 Июль 2024 07:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 633 раз

Туған жер, Отан деген бір ыстық сөз, жылы көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да жүрегіміздің лүпіліндей естіледі. Әрине, бұл – қазақ жұрты, барлық Қазақстан елі ерекше құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл сөз. Ол – ән, ол – жыр, ол – әдемілік, ол – асыл арман, ол – шалқыған шаттық, ол – көркейген сәулет! Еліміздің туы тігілген үлкен үйіміз де, алтын әрі биік шаңырағымыз да – осында. Бар әлемді бір дүр сілкіндірген табыстарымыздың ұйтқысы да – осында. Бейбітшілігіміз де, жақсылығымыздың да, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.Реклама

 

Менің елім, туған жерім – Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әрбір қазақ баласы асқақ сезіммен, керемет мақтанышпен сан рет айта алары хақ. Сонау ұлан-байтақ жері Алтайдан Атырауға дейін созылып жатыр. Осындай аймағы кең, қойнауы қазынаға толы әрі құнарлы жерімізге кімдер көз салмады десеңші?! Олар қазақ жерін басып алу үшін қаншама рет шабуыл жасап, елімізді тыныш қоймады. Бірақ мықты, батыл ата-бабаларымыз сыртқы жаудың қимылын бағып, талай рет тойтарыс беріп отырды. Сол батыр бабаларымыздың арқасында біз байтақ жерде, құт мекенде еркін көсіліп, жайланып жатырмыз. Қасиетті жеріміздің иесі – олардың ұлы ұрпақтары жетіп отырған бостандық туын биікке желбіретіп, ары қарай дамуына өз үлесімізді қосамыз.
Өз басынан ұрпақ тағдырын биік санаған ардақты ақын, батыр Махамбет Өтемісұлы елі үшін, халқы үшін аянбай тер төкті. Халқым, елім азат болсын деп жанын берді. Қарапайым адамдардың қамын ойлап, тәуелсіздікті сыйлаймын деп барынша талпынды. Қаңжардай кеудесімен өзінің халқын қорғады. Олардың ар-намысын бәрінен де артық санады. Бейбітшілік, ынтымақ, еліміз тыныш болсын деп тіледім.

Жарылқасын Абай Нұрланұлы
Н.Оңдасынов атындағы 38 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы
Шымкент қаласы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.