Бексұлтанның биігі

Среда, 07 Июнь 2023 04:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 572 раз

Жастайынан спортты серік етіп, бүгінде М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің ғана емес, еліміздің мақтанышына айналып жүрген азаматтың бірі — Бексұлтан Әлжанов. 2004 жылы Шыршық қаласында дүниеге келген жас спортшы 2021 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің «Механика және мұнай-газ ісі» факультетінің «Машина жасау» мамандығына оқуға түсіп, бүгінде 2-курс студенті атанды.

301

 

Бексұлтан, сондай-ақ, №3 жоғары шеберлер спорт мектебінің спортшысы, ал жалпы спорттың каратэ-до шотокан түрімен кәсіби тұрғыда шұғылданып жүргеніне 10 жыл толып отыр. Спорттағы бапкер-жаттықтырушысы — Ерлан Нұрбаев. Бексұлтан қоғамдық жұмыс пен оқу процесінде ғана емес, халықаралық, республикалық спорт сайыстарында да белсенділігімен көзге түсіп, жүлделі орындардан көрініп жүр. Яғни, спорттағы жетістігімен Отанымыздың абыройын асқақтатып, мерейін үстем етіп келеді.
Бексұлтан Бекжанұлы жастар арасында белсенділік танытқаны үшін 2021-2022 оқу жылында университет ректорының алғыс хатымен марапатталды. Ал, 2021 жылы Мәскеуде өткен «X-th CHRISTMAS WORLD CUP in Karate WSF» Әлем біріншілігінде 75 кг салмақ дәрежесінде IІ орын иеленді. Сондай-ақ, Тараз қаласында өткен ел біріншілігінде күміс жүлдегер атанды. Сол жылы Чебоксары қаласында өткен халықаралық додада алтын медальмен оралды. Сонымен қатар, Чехия елінің Карловы Вары каласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдесі де Бексұлтанның қоржынына түсті. Өткен жылы Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасының кубогында бас жүлдеге ие болды. Биыл ақпан айында Шымкентте ұйымдастырылған Қазақстан чемпионатында да бәсекелестерінен басым түсіп, 1-орын алды. Осындай толағай жетістіктерге жетіп, өзінің қарым-қабілетімен көзге түскен азамат биыл Оңтүстік Қазақстан Университетінде Асанбай Асқарұлы атындағы стипендиясына қол жеткізді.
Ел біріншілігінің 2 дүркін чемпионы, Әлем кубогының күміс жүлдегері, университет мақтанышы Бексұлтан Бекжанұлы алда талай белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көрінеді деген сенімдеміз.

Оралхан ҚАЛЫБАЙҰЛЫ,
М.Әуезов атындағы ОҚУ «Механика және машина жасау» кафедрасының
оқытушысы

Последнее изменение Среда, 07 Июнь 2023 04:43
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.