Версия для печати

ЛИЦЕНЗИЯНЫ БЕРУ – ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА

Пятница, 24 Март 2023 04:35 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 617 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан лицензиялау бойынша бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетілуде. Атап айтқанда, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру қызметтері толық электронды түрде көрсетіліп жатыр.

 

Өткен жылы басқармадан жаңа 48 лицензия беріліп, 123 лицензия қайта рәсімделген. Ал биыл жыл басынан жаңадан 3 лицензия беріліп, 23 лицензия қайта рәсімделді.
Лицензиаттар белгіленген талаптарға сай келмейтіндігі анықталған жағдайда, яғни заң бұзушылықтарға жол берген болса, құқық бұзушылық ҚР ӘҚБК-ның 464 бабының 1-ші бөлігіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Яғни, лицензиаттың санатына байланысты белгіленген айыппұл салынып, лицензиясы 6 ай мерзімге тоқтатылады.
Ал егер, осындай заң бұзушылық 12 айдың ішінде қайталанса, лицензиаттың санатына байланысты белгіленген айыппұл салынып (100-300 АЕК аралығында), лицензиясын айыру шаралар жүргізіледі.

 

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.