БАР ИГІЛІК – БАЛАЛАРҒА

Пятница, 02 Декабрь 2022 10:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 827 раз

Шаһарда бірқатар денсаулық сақтау нысаны қайта жаңғыртылып жатыр. Осындай күрделі жөндеу жұмыстары басталған нысанның бірі – қалалық №2 оңалту орталығы. Мекеме 18 жасқа дейінгі балаларды медициналық оңалту қызметін атқарады.

 Орталықтың аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Мұндағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар қосымша «Қамқорлық қоры» КҚ қолдауымен 3 жасқа дейінгі неврологиялық ауытқуы бар балаларға арналған ерте араласу орталығы ашылмақ. Бұл нысан жылына 600 бүлдіршінге көмек беретін болады. Сонымен қатар қайырымдылық қоры есебінен жалпы сомасы 125 млн теңгені құрайтын медициналық жабдықтар алынады деп жоспарланып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.