Шымкентте Жеңіс күнінің құрметіне «Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесі үшін мектеп оқушылары арасында жеңіл атлетикадан эстафета өтті. Газеттің дәстүрлі іс-шарасы биыл 83-ші рет ұйымдастырылды.
Күзде, 15 қыркүйекте, Шымкентте жаппай жүгіруден марафон өтеді. «Шымкент-марафон» 2016 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.
Шымкентте конькимен мәнерлеп сырғанаудан «Б» тобы бойынша «SHYMKENT SKATE» халықаралық турнирінің ашылу салтаны өтті. Халықаралық додада бағын сынауға Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, Украина мен Өзбекстан елдерінің жас мәнерлеп сырғанаушылары өнерлерін паш ететін болады.
Шымкент қаласының Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде тағы бір жеңіс қоржынға түсті.
Шымкентте А.Асқаров атындағы дендробақта 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «БІРЛІК» жүгіру марафоны өтті. Марафонға қала тұрғындарымен қатар, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Ассамблея жастары мен қаланың ең белсенді жастары қатысты.
Шымкентте шахматтан ҚР әйелдер арасында тұңғыш гроссмейстер Гүлісхан Нахбаеваның кубогы үшін студенттер арасында турнир өтті. Турнирге қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева және оқу орындарының басшылық құрамы қатысып, шахматшыларға сәттілік тіледі.
Шымкент қаласында джиу-джитсу спорт түрінен «AJP Shymkent International» халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Бұл турнир Шымкент қаласында тұңғыш рет өтіп отыр. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ресей мемлекеттерінен жалпы саны 250-ден астам спортшы қатысты.
Ерекше бала тәрбиелеп отырған әрбір ата-ананың асыл арманы – ұрпағын қайткен күнде оңалту, оны аяққа тұрғызып, өмірге бейімдеу. Ерекше балалар да қоғамда өздерін еркін сезінуі қажет. Сондықтан бүгінде 2018 жылдан бастап, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар…
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Шымкенттегі «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжінде техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінің еріктілері арасында воллейболдан кіші турнир ұйымдастырылды.
Шымкент қаласында алғаш рет ересектер арасында жамбы атудан Азия чемпионаты өтуде. 14-18 сәуір аралығына жоспарланған құрлық чемпионатында 14 мемлекеттен (Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тайвань (Қытай туымен), Тайланд және Қазақстан) келген 64 спортшы бақ сынап жатыр.