Чемпиондар лигасында сынға түсіп жатқан Шымкенттің «БИІК-Қазығұрт» қыздар командасы Латвия астанасы Ригада өтетін Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады.
Шымкенттік арулар алғашқы ойында Грекияның «Академия Элпидес Кардитсас» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен басым түсті. Шымкенттіктер сапынан голды Гүлнара
Габелия мен Фазила Иквапу салды. Енді «БИІК-Қазығұрт» келесі ойынын Латвияның РФШ командасына қарсы өткізеді.
Жерлестеріміз Чемпиондар лигасына алғаш рет қатысып отырған жоқ. Өткен маусымда «Биік-Қазығұрт» футболшылары Чемпиондар лигасында сәтті өнер көрсетіп, 1/8 финалдың айналымына дейін жеткен болатын. Сол бәсекеде тек турнир жеңімпазы атанған Францияның «Лион» командасына есе жіберген еді.